Елімізде неліктен той жасауға рұқсат берілді: Тоғжанов жауап берді
Опубликовано:

Бүгіннен бастап Қазақстанда той-томалақ өткізуге рұқсат берілді. Бірақ оның өзіндік талаптары бар. Осы орайда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов тойға рұқсат берудің себебін түсіндіріп берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елімізде бірқатар іс-шараларды өткізуге рұқсат бердік, бірақ қатаң шарттары бар. Біріншіден, шараға қатысушылардың Ashyq-та «жасыл» мәртебесі болуы керек. Біз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біртіндеп қалыпты өмірге оралуымыз керек.
Салтанатты шаралардың өткізуге рұқсат беру - бұл тек той-томалақ өткізуге ғана қатысты емес.
Бірінші кезекте мәселе шағын және орта бизнесті қолдау төңірегінде болып отыр. Бұл - күн тәртібіндегі ең маңызды мәселенің бірі.
Тағы бір жайт, елімізде салтанатты іс-шараларды өткізу қатаң бақылауда болатынын еске салғым келеді. Қазақстанда КВИ-дің таралуын бақылау мен тоқтату шаралары күн тәртібінен түспейді», - деді Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934152-elimizde-nelikten-toi-zasauga-ruqsat-berildi-togzanov-zauap-berdi/