RU

Қазан айында қазақстандықтар қанша күн демалады

күзз
Көрнекі фото: almaty.tv

Қазан айында елімізде мемлекеттік немесе ұлттық мейрамдар жоқ. Десе де, қазақстандықтар бірнеше кәсіби мерекені атап өтеді. Бұл туралы "Электронды үкімет" порталында хабарланды.

Аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар келесі айда 10 күн демалып, 21 күн жұмыс істейді. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар небәрі бес күн демалады.

Қазан айында мемлекеттік немесе ұлттық мейрамдар болмайды. Дегенмен ел тұрғындары бірнеше кәсіби мерекені атап өтеді.

  • 1 қазан – Қарттар мен Радио күні;
  • қазан айының алғашқы жексенбісі - Мұғалімдер күні;
  • 6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің үні;
  • 10 қазан – Қазақстанның кәсіптік одақтар күні;
  • 16 қазан – Нан күні;
  • 19 қазан – Құтқарушылар күні;
  • қазан айының үшінші жексенбісі – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
  • 29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні;
  • қазан айының соңғы жексенбісі - Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні.
Қазан
Фото: egov.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934254-qazanda-qazaqstandyqtar-qansa-kun-demalady/