jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбе облысының әкімдігі су жаңа екі iPhone 12 Pro Max сатып алмақ

Айфон
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы әкімдігі құны 1 млн 178 мың теңге болатын жаңа екі Apple iPhone 12 Pro Max сатып алуды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат тарады. Ведомство неліктен мұндай шешімге келгенін түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жаңа смартфондар туралы хабарландыру мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланған. Тапсырыс беруші - Ақтөбе облысы әкімі аппаратының өңірлік коммункациялар қызметі.

Мұны көрген қазақстандықтар шенеуніктердің бұл шешімін талқылап жатыр.

"Неге бірден iPhone 13 Pro Max ала салмады?", "Бұл сондай қажет пе? Ақша жұмсайтын жер жоқ па? Одан да ауру балалар мен мұқтаждарға көмектескен дұрыс", "12 бұл 13 емес, біздің қалтамызды аяпты. Оған да рақмет", "Неге өз қалтасынан шығарып алмайды", - дейді желідегілер.

Осы ретте Ақтөбе облысының әкімдігі хабарландыруға қатысты түсініктеме берді.

"COVID-19 пандемиясы басталғалы бері Ақтөбе облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы барлық баспасөз шаралары онлайн режимде өтіп, әлеуметтік желіде трансляцияланды.
Аталған жұмыс облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қабылданған шаралар туралы жедел ақпараттандыру үшін, сондай-ақ коронавирустың қазіргі жағдайы туралы облыс тұрғындарын хабардар ету үшін жүргізіледі", - деп хабарлады ведомство.

Сонымен бірге, 2021 жылдың басынан бері ӨКҚ алаңында 200-ден астам тікелей эфир өткен.

"Арнайы техниканың жоқтығына және тұрғындардың сапасыз хабарлар мен дыбыстарға шағымының артуына байланысты КММ шынымен де екі iPhone 12 телефонын сатып алуға тендер жариялады. Ұялы құрылғылардың соңғы бағасы конкурс аяқталған соң белгілі болады", - деді Ақтөбе облысының әкімдігі.

Конкурсқа өтінім 1 қазанға дейін қабылданады.

Ақтөбе облысының әкімдігі су жаңа екі iPhone 12 Pro Max сатып алмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.