Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда із-түзсіз жоғалған жасөспірім іздестірілуде

Опубликовано:

Рустам Ташмағамбетов
Фото: kstnews.kz

Қостанай облысының полициясы сабақтан шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірімді іздестіруде деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2021 жылғы 27 қыркүйек күні сағат 11:00 шамасында Рустам Ташмағамбетов сабақтан шығып, сол күйі үйіне оралмаған. Қазіргі кезде полицейлер жедел-алдын алу шараларын өткізіп жатыр. Облыстық полицияның бүкіл жеке құрамы жұмылдырылған. Іздеу жұмыстарына еріктілер де қатысып жүр", - деп хабарлады полициядан.

Баланың белгілері: бойы 152 cм, денесі толық, шашы қысқа, қара түсті, көзі қою қара. Киген киімі: қою қызыл жейде, көк түсті шалбар, қара қоңыр аяқ киім. Полиция жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпараты бар адамдарды «102» нөміріне хабарласуын сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934303-qostanaida-iz-tuzsiz-zogalgan-zasospirim-izdestirilude/

pixel