jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Үндістанда бортында қазақстандық бар танкерге қатысты сот шешімі шықты: экипажды елге қайтару міндеттелді

Теңіздегі танкер
Танкер. Иллюстрациялық фото: Nicolas Economou/NurPhoto via Getty Images

Сот Үндістанға Unity танкерінің экипажын елге қайтаруды ұйымдастыруды міндеттеді. Кеме бортында Қазақстан азаматы да болған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алдымен экипаж мүшелерінің бірінің туысы РИА Новости агенттігіне соттың үнді тарапына экипажды ауыстыруды және елге қайтаруды ұйымдастыруды міндеттегенін хабарлады.

Әйелдің айтуынша, шешімнің орындалу мерзімі белгісіз.

Кейінірек Ресейдің Калькуттадағы бас консулдығы ТАСС агенттігіне ақпаратты растаған.

Шешім 6 қазанда қабылданған. Үндістан билігіне теңізшілерді кемеден түсіруді және елге қайтаруды ұйымдастыру, сондай-ақ танкер экипажын ауыстыруды қамтамасыз ету тапсырылған.

Шығындар кеме иесінен өндіріп алынуы мүмкін. Мерзімі әзірге белгіленбеді.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйекте БАҚ-та ұсталған кеме бортында Ресейдің 20 азаматы, сондай-ақ Қазақстанның бір және Мысырдың екі азаматы бар екені туралы ақпарат тарады. Ресейдің Калькуттадағы бас консулдығы ұсталған мұнай танкеріне жөндеу қажет екенін және оның сапарын жалғастыра алмайтынын нақтылады.

Үндістанда ұсталған танкер бортында Қазақстан азаматы бар деген ақпараттан кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Ведомство нота жолданғанын хабарлады.

Үндістанда бортында қазақстандық бар танкерге қатысты сот шешімі шықты: экипажды елге қайтару міндеттелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram