Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы атыс: бес адамның өліміне түрткі болған үйдің жағдайы не болады (видео)

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ

Алматыдағы қайғылы жайт 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшамауданында болған еді. Енді сол үйдің жағдайы не болатыны белгілі болды.

"Жетінші арнадағы" "Студия 7" жобасының Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланғандай, сот орындаушыларының айтуынша, үйден шығару туралы шешім әлі де күшінде, құжат орындалу күйінде тұр.

20 қыркүйектегі қайғылы оқиғадан кейін шешім басқа сот орындаушысына берілді.

Алматы қаласының жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Руслан Исаев шешімнің орындалу процесі жалғаса беретінін, бірақ бұған дейін аталған үйдің қайтыс болған иесінің заңды мұрагерлері (оның жақын туыстары) өз мойнына алуға мәжбүр болатынын атап өтті.

"Студия 7" ақпаратына сәйкес, оған дейін ұсталған атқыштың отбасы сол үйде тұрады. Қыс мезгілінің басталуына байланысты тұрғындарды көшіру мерзімі де ауыстырылады, өйткені суық мезгілде адамдарды үйден шығаруға заңмен тыйым салынған.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы атыс салдарынан қаза тапқан полиция қызметкерлері мен сот орындаушыны мемлекеттік наградаларымен марапаттаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934551-almatydagy-atys-bes-adamnyn-olimine-turtki-bolgan-uidin-zagdaiy-ne-bolady-video/