Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында автобус пен трактор соқтығысты: Зардап шеккендер бар (фото)

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: t.me/patriot_patriot

Қарағанды облысында автобус пен трактор соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті.

Өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасаған "Патриот" Telegram арнасының дерегінше, жол апаты шамамен 19:30-да Саран бағытындағы тас жолда болған.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен төрт азамат ауруханаға жеткізілді. Аталған фактіге байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қазіргі уақытта тек автобустың жыраға түсіп, трактордың бір бүйірге аударылып қалғаны белгілі.

Еске салайық, Алматының Алатау ауданында түнгі сағат 12 шамасында жол апатынан бір адам қаза тапқан еді.

Одан бөлек, Жамбыл облысындағы тас жолда да жантүршігерлік жол апаты болған. Салдарынан алты адам қаза тауып, тағы екеуі аруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасына не себеп болғаны анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934638-qaragandy-oblysynda-avtobus-pen-traktor-soqtygysty-zardap-sekkender-bar-foto/

pixel