Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жасы 75-тен асқан қариялар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Опубликовано:

Автобус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда жасы 75-тен асқан қариялар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Бұл туралы брифинг барысында қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Жәнібек Қаратаев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша мегаполисте 200-ден астам зейнеткер «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубтарында авторлық сабақтар өткізеді.

"Егде жастағы еріктілер арасында өмір бойы жұмыс істеп жүргендер де аз емес. Сондықтан 2020 жылы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасы бойынша «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы» жобасы іске қосылды. Мақсаты – тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан төменгі сынып оқушылары мен ерекше қажеттілігі бар балаларға өмірлік тәжірибесін, білімі мен дағдыларын беру үшін аға буын мен мүгедек адамдарды қоғамдық өмірге тарту" , - дейді Жәнібек Қаратаев.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша және «Шетсіз қала» бағдарламасы аясында клуб Алматының әр ауданында ашылды. Бүгінгі таңда 11 «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы жұмыс істейді. "

"Онда зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар қатарынан 203 педагог жұмыс істейді. Олар бастауыш мектептің негізгі жалпы білім беретін пәндері бойынша авторлық сабақтар (математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, IT-технология), сондай-ақ қосымша білім берудің шығармашылық және спорттық сабақтары (шахмат, қолөнер, хореография, музыка, актерлік шеберлік) ұсынады. 9 айдың қорытындысы бойынша 2,2 мыңға жуық бала оқытудан өтті",- деді спикер.

Сонымен қатар, ол Алматыда жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, және егде жастағы отбасылық жұптар үшін әлеуметтік тұрғын үй жұмыс істейтінін, қазіргі уақытта онда 51 адам тұратынын айтты.

Сондай-ақ, «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы, бұрынғы Ардагерлер үйі жұмыс істейді, онда 288 адам қамтылған. Оған қоса, аудандық әкімдіктер жанында әлеуметтік қызметкерлер жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетеді. Барлығы 2 773 қарт адамға күтім көрсетіледі.

"Алматыда жасы бойынша зейнеткерлерге жол ақысына 50% жеңілдік беріледі, ал 75 жастан асқан тұрғындар қалалық қоғамдық көлікте тегін жүреді" ,- деді басқарма өкілі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934730-almatyda-zasy-75-ten-asqan-qariyalar-qogamdyq-kolikte-tegin-zuredi/

pixel