jitsu gif

Атырауда бір аптадан бері жолға шыға алмай отырған жүк көліктерінің жүргізушілері жанайқайын айтты (видео)

Жүк көлігі
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда жүк көліктерінің жүргізушілері бір аптадан бері жолға шыға алмай отыр. Оған себеп-аймақта дизель тапшы деп хабарлайды Астана арнасы

Телеарнаны мәліметінше, мұнайлы өңірдің өзінде көп бекет жанармай сатып жатқан жоқ. Кейбірі лимитпен ғана беруде. Бұл алыс жолға шығып, нәпақасын тауып жүргендер үшін қиынға соғуда.

"24-і күні келгем. Жеті күн болды жатқаныма. Масқара ғой. Атырауда мұнай тұрып, мұнай шықпағаны. Таңертең бардым солярка тағы жоқ. Ең болмаса 100 литрін беріңдер десем. 100-де бермейді", - дейді көлік жүргізушісі Әмзібек Жайнақов.

Әмзібек Жайнақов Ақтаудан Атырауға жанармайы таусылып, әрең жеткен. Жол-жөнекей ақшаға сатып алар дизель отынын таппаған. Бір аптадан бері көлігін ақылы тұраққа қойып, өзі соның ішіне қонып жүрген көрінеді.

Ал билік өкілдері дизель отыны жетіспеушілігі туындамауы үшін талонмен сату жүйесіне көшкенін айтады.

Атырау облыстық Энергетика және ТКШ басқармасының бас маманы Анар Ахметованың сөзінше, қазір қорда 1700 тонна дизель бар. Бұл шамамен 4-5 күнге жетіп қалады. Қор таусылғаннын өзінде, тапшылық болмайды.

"Себебі, зауыт күн сайын өндірілген өнімді сатылымға шығарып отыр", - дейді ол.

Мамандардың айтуынша, бұл жылда болатын жағдай. Себебі, егін-терім уақытында сұраныс артады. Ауыл шаруашылығы техникаларының барлығы дизельмен жүреді.  

Б. Надірқызы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.