RU

Ақтөбеде сабақтан үйіне қайтарда жоғалып кеткен 3-сынып оқушысы табылды

оқушы
Көрнекі фото: qazaqstan.tv

Ақтөбе полицейлері мектептен шығып, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты. Тәртіп сақшылары бала жоғалғанда не істеу керектігі жөнінде халыққа кеңес берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған екі баланы тапты. 2 қазан күні Ақтөбеде 6 жасар бала жоғалып кетті. Тек 6 сағаттан кейін анасы баласын есіне алып, іздеуге шықты. Өздігінен іздестіру шаралары нәтижесіз болғандықтан ол полицияға жүгінді. Бүкіл гарнизон жұмылдырылып, бала табылды. Бұл жағдайда ата-аналардың немқұрайдылығы, балаларын қараусыз қалдыруы жазатайым оқиғаларға себеп болуы мүмкін.

Екінші жағдайда, 1 қазанда 3-сынып оқушысы кешкі сағат 5-те мектептен шығып, кері бағыттағы автобусқа отырып кеткен. Бір сағаттан кейін қыздың анасы дабыл қағып, полицияға жүгінді, кешкі 7-де қыз табылды.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының полиция департаменті жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын және орналасқан жерін мұқият бақылау қажет екенін ескертеді.

Ата-аналар балаларға үйге баратын жолды көрсетіп, қауіпсіз маршрутты анықтауы керек, балалардың сабақ кестесінен хабардар болып, мұғалімдермен үнемі байланыс орнатып, балалардың үйге баратын жолын бақылауы керек. Мүмкін төменгі сынып оқушылары үшін ата-аналар өзара ақылдасып, балалардың игілігі мен олардың қауіпсіздігі үшін кезек-кезек сүйемелдеуді ұйымдастыруы керек.

"Құрметті ата-аналар, сізден балаларыңызды қараусыз қалдырмауды, оларды мектепке, секцияларға, үйірмелерге шығарып салуды және сабақ аяқталғаннан кейін қарсы алуды сұраймыз. Егер бала үйге белгіленген мерзімде келмесе және сіз оған хабарласа алмасаңыз, дереу «102«нөміріне қоңырау шалыңыз. Ата-ана бақылауының болмауынан балалар жиі ЖКО құрбанына айналады, түрлі жазатайым оқиғаларға тап болады. Көбінесе қараусыз, толық емес отбасыларда тұратын және ата-аналары тәрбиесімен айналыспайтын балалар жоғалады. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз" ,- дейді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935399-aqtobede-sabaqtan-uiine-qaitarda-zogalyp-ketken-3-synyp-oqusysy-tabyldy/