Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақтөбе хром қосындылары" зауытында жұмысшы тоққа түсіп, қайтыс болды

Опубликовано:

аурухана
Көрнекі фото: pexels.com

"Ақтөбе хром қосындылары" зауытында 37 жастағы жұмысшы қайтыс​ болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға 4 қазан күні таңғы сағат 08:15 шамасында тіркелген. Марқұм 4 қазан күні түңгі аусымға жұмысқа шыққан.

Белгілі болғандай, зауыт шебері 7:30 шамасында өндіріс орнында тиеу-түсіру қызметін атқаратын жұмысшының жоқ екенін байқайды.

Бірден қызметкерлермен бірге іздеу шаралары қабылданады.

Марқұмның денесі сағат 08:15 уақытында №2 цехтың электрофильтр аймағынан табылды. Облыстық еңбек инспнкциясы қайғылы оқиғаның себептері тергеу барысында анықталатын хабарлайды.

"Апаттың мән -жайын анықтау үшін құқық қорғау органдары мен еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері анықтау жұмыстарын жүргізеді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды",- дейді Ақтөбе облысы бойынша еңбек инспекциясының басшысы Әбдухат Мырзалин.

1983 жылы туған марқұмның екі баласы бар. Әйелі үшінші баласына аяғы ауыр.

Айта кетейік, "Ақтөбе хром қосындылары" зауытында​ бүгінгі күні 2395 адам жұмыс істейді.

Еске салсақ, екі жыл бұрын "Ақтөбе хром қосындылары" зауытында төртінші цехтағы 50 текше метрлік бөшкені тазалау кезінде төрт адам қаза тауып тағы екі адамды күйіп қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935455-aqtobe-xrom-qosyndylary-zauytynda-zumyssy-toqqa-tusip-qaitys-boldy/

pixel