Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық депутат еліміздегі орыс ұлтының өкілдеріне үндеу жасады

Жарияланған күні:

Жулин
Фото: Facebook/yuriy.zhulin

Өткен аптада белгілі ресейлік интернет-басылым еліміздегі орыс тілінің мәртебесі мен орыс тілді азаматтарға қысым жасау жағдайлары туралы мақала жариялады. Қазақстандық депутат Юрий Жулин аталған мақаланы арандатушылық деп бағалап, Facebook парақшасында еліміздегі орыс ұлтының өкілдерін үн қосуға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Депутат өзінің Қазақстанда тілге байланысты ешкімнен зәбір көрмегенін, бәрімен тату-тәтті тұрып жатқанын алға тартады.

"Мен басқа да қазақ арасындағы орыстар сияқты Қазақстанда туып-өстім. Бұл - менің отаным. Менің қазақ достарым өте көп. Осында бұдан былай да тұра бергім келеді, жұмыс істеймін, салық төлеймін, мемлекеттік тілді оқып жүрмін, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, туған жерімді құрметтеймін. Мен Қазақстанда өмір сүру үшін қолымнан келгеннің бәрін істеп жүрмін, айналаммен тату-тәттімін.

Алайда қайдағы бір ресейлік саясаткерлер, журналистер, қайдағы бір шовинист-популистер ақылға қонымсыз жалған нәрселерді ойдан шығарып алады да, кемсітіп, арандатып, шырқымызды бұза бастайды", - деп жазды Юрий Жулин Facebook-те.

Депутат мұндай арандатушылықтарға назар аудару керек деп есептейді.

"Өйткені Қазақстанда тұрып жатқан біз мұнда орыс тілінде де, өзге тілде де сөйлеуге ешкім тыйым салмайтынын жақсы білеміз", - дейді депутат.

Ол орыс тілінің елімізде ресми мәртебеге ие екенін еске салды.

"Жалпы, қазақ халқына орыс тіліне деген құрметі үшін алғыс айтуымыз керек. Әйтпесе жағдай басқаша болған болар еді, оны біз бұрынғы кеңес елдерінен көріп те жүрміз", - деді ол.

Жулин елде достық қарым-қатынасты сақтау үшін не істеу керектігін тізіп берді.

"Біріншіден, қазақ тілін үйрену арқылы құрметтеуіміз қажет. Екіншіден, қазақ еліндегі орыстар ресейлік саясаткерлер мен журналистер тарапынан болған Қазақстандағы орыс тіліне қатысты кез келген арандатушылық, агрессиялық әрекеттерге жария түрде жауап қайтара білуі керек.

Мұндай адамдар жеке басыңыздың жауы екенін жақсы түсінуіңіз керек, себебі олар Қазақстанда әлеуметтік араздық тудыру арқылы сіздің жеке өміріңізге шабуылдауда, олар сіздің жылдар бойғы еңбегіңізді зая кетіріп, қоғамдағы беделіңізді, берекеңізді қашырады. Сол үшін егер өз болашағыңызды, балаларыңыздың болашағын Қазақстанмен байланыстырсаңыз, оны қорғаңыз! Үндемей қалмаңыз, қолыңызды кеш сермеп қалмаңыз!", - деп жазды депутат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935510-qazaqstandyq-deputat-elimizdegi-orys-ultynyn-okilderine-undeu-zasady/