Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есімде ештеңе жоқ": Павлодарда жүрегі тоқтаған науқасты дәрігерлер аман алып қалды

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Медициналық сақтандыру қоры есебінен оған қымбат ота жасалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"МӘМС" КЕАҚ облыстық филиалының мәліметінше, 1969 жылы туылған пациенттің көкірек қуысының сол жақ жартысындағы ауырсыну мазалаған. Сонымен қатар, ол әлсіздік пен шаршаудың да жиі болатынын айтқан.

"Мен эмоционалды күйзелістен кейін көшеге шыққам. Қатты әлсіздік сезініп, есімнен танып қалдым. Есімді жинап, көзімді ашқанда ауруханада аппаратта жатыр екем. Есімде ештеңе жоқ. Кейіннен дәрігерім менің жүрегімнің тоқтап қалғанын айтты", – дейді пациент.

Келген жедел жәрдем бригадасы ер адамның қан қысымы мен пульсін, ЭКГ - қарыншалық фибрилляцияны анықтай алмады.

"Дәрігерлер дереу реанимациялық шараларды бастады. 150 Дж дефибрилляция жасалды. Шұғыл түрде бізге жеткізілді. Науқас қарыншалық фибрилляция типі бойынша жүрек ырғағының бұзылуы салдарынан жүрек ұстамасынан аман қалды", – дейді кардиолог-дәрігер Дамир Қыпшақпаев.

Тексеруден кейін науқасқа кардиовертер дефибрилляторын имплантациялау (ICD) отосы жасалды.

Бұл аппарат өмірге қауіп төндіретін жүрек ырғағының бұзылуын алдын алуға және емдеуге арналған. Қазіргі заманғы ICD-бұл кішкентай титан корпусына салынған құрылғыдан және жүрек камераларында орналасқан бір немесе одан да көп электродтардан тұратын жүйе. ICD жергілікті анестезиямен сол немесе оң жақ субклавиялық аймаққа имплантацияланады. Егер жүректің өмірге қауіпті аритмиясы тіркелсе, ICD разрядты қолданады. Осылайша жүрек ырғағының жұмысы қалпына келтірілді.

Имплантацияланатын кардиовертер-дефибриллятор көмегімен терапия жалпы қабылданған немесе дәстүрлі дәрілік аритмияға қарсы терапиямен салыстырғанда өлім-жітімнің 23-55% - ға төмендеуіне әкеледі. Бұл ретте кенеттен жүрек өлімі жағдайларының жиілігін төмендету есебінен өмір сүру деңгейі толығымен артады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі бұл операцияларды кардиолог дәрігерлер тегін орындайды. Ақылы негізде мұндай операцияның құны 6 млн теңге болады.

"Жоғары технологиялық медициналық көмек және оның жекелеген түрлері МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек тізбесіне кіреді. Яғни пациенттерге міндетті медициналық сақтандыру қорының дерекқорына енгізілген клиникалар тегін негізде қызмет көрсете алады", – деп хабарлады қор филиалының директоры Нұрлан Қасымов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935531-esimde-estene-zoq-pavlodarda-zuregi-toqtagan-nauqasty-darigerler-aman-alyp-qaldy/

pixel