jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Алматыда соққыға жығылған сот орындаушысына айыппұл салынды

Жәбірленуші
Жәбірленуші. Видеодағы кадр: instagram.com/ztb_video

Алматыда соққыға жығылған соң әлеуметтік желіде видео жариялаған сот орындаушысы көлік қозғалысы кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған болып шықты. Азаматтың қандай жаза арқалағанын Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов өз Instagram парақшасында жазды.

"Бүгін, 2021 жылдың 5 қазанында әлеуметтік желіде А.Ермеков есімді азамат видеоүндеу жолдады. Бейнежазбада оның қозғалыстағы көлік салонында отырып, жол қозғалысының қатысушысы бола тұра ҚР ЖҚЕ талаптарын бұзғаны байқалады.

Осыған байланысты құқық бұзушы ӘҚтК 615-бабының 1-бөлігі (жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы, яғни автокөлікте қауіпсіздік белдігінсіз болуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолда мұндай әрекетке жол берілмейтінін еске саламын!",- деп жазды Әбдірахманов.

Алматыда соққыға жығылған сот орындаушысына айыппұл салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.