Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрі төрт бірдей басшыны ауыстырды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pexels.com

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев аймақтардағы қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтарын тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ресми ақпаратына сәйкес, Дәулет Рахымбеков Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы болды. Бұған дейін ол басшының орынбасары қызметін атқарған. Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап жұмыс істейді. Еңбек жолын Ақмола облысының Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы болып бастаған.

Шымкент қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына Теңізжан Жәнібеков тағайындалды. Тергеушінің көмекшісі қызметінен бастаған әділет полковнигінің 26 жылдық еңбек өтілі бар. Ал пенитенциарлық жүйеде 2002 жылдан бастап жұмыс істейді. Соңғы лауазымы – қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығына Игілік Хасенов келді. Бұған дейін ол комитетте басқарма бастығы қызметін атқарған. Әділет полковнигі 1998 жылдан бері пенитенциарлық жүйеде еңбек етіп жүр. Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының қылмыстық-атқару жүйесінде әртүрлі басшылық лауазымдарда болған.

Ал Жамбыл облысындағы ҚАЖ департаментін әділет полковнигі Нияз Рыспаев басқарады. Осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935644-iski-ister-ministri-tort-birdei-bassyny-auystyrdy/

pixel