jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

1 грамм үшін бас бостандығынан айырылады: Елімізде есірткіге байланысты жаза күшейтілмек

Кісенделген ер адам
Көрнекі фото: Hendrik Schmidt/picture alliance via Getty Images

Қазақстанда синтетикалық есірткінің 11 жаңа түрі мен 17 прекурсордың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұдан былай "спайс" пен "мефедронның" 1 грамы үшін де жауапқа тарту көзделіп отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Берікхан Нұрғалиев есірткі саудасына қатысты қылмыстардың жазасы қалай қатаңдатылғанын хабарлады.

Оның сөзінше, жуырда синтетикалық есірткінің тағы 11, прекурсордың 17 жаңа түрінің айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген үкіметтің қаулысы күшіне енеді.

"Сондай-ақ, ең көп таралған есірткі үшін нақты бас бостандығынан айырудың қылмыстық салмағы төмендетілді. "пиралерон" (жылдамдық), мефедрон (меф) және синтетикалық каннабиноидтың (спайс) заңсыз айналымы үшін артылатын жауапкершілік 50 грамнан емес, 1 грамнан басталады", - деді Берікхан Нұрғалиев.

Сонымен бірге, ол ІІМ сенаторлармен бірлесіп, күшті заттардың айналымы үшін жауапкершілікті көздейтін заң жобасын әзірлеуге кіріскенін хабарлады. Өйткені, Нұрғалиевтің айтуынша, кейбір препараттар белгілі бір жағдайда сананың өзгеруіне әкеледі және оны жасөспірімдер өз денсаулығына тәжірибе жасау мақсатында пайдалануы мүмкін.

1 грамм үшін бас бостандығынан айырылады: Елімізде есірткіге байланысты жаза күшейтілмек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.