Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көктайғақ, тұман, қар: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

күз келді11
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 12 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түнде және таңертең 12 қазанда Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батыска ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең 12 қазанда тұман, көктайғақ күтіледі.

12 қазанда күндіз Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.

Түнде 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең 12 қазанда Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

12 қазанда күндіз, 13 қазанда тәулік бойы Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз 12 қазанда Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936525-koktaigaq-tuman-qar-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel