Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның қанша өңірі "қызыл" аймақта тұр

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздегі эидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Қазақстанның бес өңірі "қызыл" аймақта тұр деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

12 қазандағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

"Сары" аймақта Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Сондай-ақ, "жасыл" аймақта Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары бар.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша 1499 адамнан коронавирус анықталған еді.

Сонымен қатар, 53 729 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 9 550 пациент стационарда, 44 179 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирус пен пневмониямен ауырып жатқандар арасында 684 адамның жағдайы ауыр, 197 пациенттің жағдайы өте ауыр, 128 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936587-koronavirus-qazaqstannyn-qansa-oniri-qyzyl-aimaqta-tur/

pixel