RU

Қазақстанда жануарлар үйіне қатысты жаңа талаптар әзірленді

Ит пен мысық
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда жануарларға арналған үйлерге қатысты жаңа талап әзірленді. Бұл құжат жануарларды асырауға, медициналық тексеруге, стерильдеу талаптары бойынша ережелерді қамтиды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Жануарларға арналған баспаналар туралы ереже" жобасын әзірледі. Бұл құжат "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңға сәйкес дайындалды. Құжат 27 қазанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

"Жануарлар үйі деп жануарларды асырау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, иелігінде немесе пайдалануында жеке орналасқан және жануарларды асырауға арналған үйлер, құрылыстар мен ғимараттар бар мемлекеттік немесе мемлекеттік емес коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер аталады", - деп жазылған құжатта.

Құжат иесі жоқ немесе иесі белгісіз, иесі бас тартқан жануарларға арналған үйлерге қатысты болып отыр.

Ереже мыналарды қамтиды:

жануарларды қабылдау, оларды уақытша және тұрақты күтіп-ұстау үшін пайдаланылатын үйді орналастыруға және бөлмелерді жабдықтауға қойылатын талаптар, температуралық-ылғалдылық режиміне, жануарлар үйі бөлмелерін жарықтандыру мен желдетуге, сондай-ақ оларды сумен жабдықтауға және су бұруға қойылатын талаптар;

  • ветеринарлық пунктті және карантин бөлмесін және жануарларды стационар жағдайында емдеуге арналған бөлмені жабдықтауға қойылатын талаптар;
  • жануарларды жануарлар үйіне қабылдау тәртібі;
  • жануарларға тексеру жүргізу, оларды карантинге жабу және ветеринарлық көмек көрсету;
  • иесі жоқ немесе иесі белгісіз жануарларға шешілмейтін немесе өшпейтін белгімен таңбалау;
  • иесі жоқ жануарларды стерильдеу және оларды құтыру және адамдар мен жануарлар үшін қауіпті басқа ауруларға қарсы вакциналау және басқа да ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыру;
  • жануарларды тамақтандыру, суару, серуенге шығару және оларды күту бойынша іс-шаралар, сондай-ақ жануарлар үйі бөлмелерін жинау, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау бойынша іс-шаралар;
  • жануарлар үйіне жануарлардың келіп түсуі және шығуы бойынша құжат түрінде есеп жүргізу және сәйкес есеп мәліметтерін қағаз тасымалдағышта немесе электронды құжат түрінде сақтау;
  • иесі жоқ жануарларды өз ажалына дейін күтіп ұстау, иесі жоқ жануарларды бұрынғы тіршілік орнына қайтару, иесі жоқ жануарларды жаңа иелеріне табыстау;
  • қарғыбауында немесе басқа заттарында иесі туралы мәліметі бар жануарларды иесіне қайтару және жануарын жоғалтқан жануар иелеріне немесе олардың иелерімен өкілеттік берілген тұлғаларға жануарлар үйінде иесіз жатқан жануарларды қарап шығу арқылы жануарларды іздеп табуға мүмкіндік беру;
  • жоғалған жануарларды табу мақсатында еріктілердің (волонтерлердің) және жануарлар иелерінің жануарлар үйіне келу тәртібі;
  • жануарларды күтіп-баптау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының құзырлы тұлғалары жүргізетін тексеру барысында олардың талап етуімен күтіп-баптау орны бойынша жануарларды ұсыну.

Жануарлардың түрі, тұқымы, жынысы мен жасы, олардың басқа жануарларға қатысты агрессивтілігі, сондай-ақ жануарлар үйі қызметкерлерінің, еріктілердің және жануарлар үйіне баруға құқығы бар өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып мыналар белгіленеді:

  • жануарлар үйінде күтіп-бапталатын жануарлардың шекті саны (соның ішінде алуан түрлі жануарларды күтіп-баптауға мамандандырылған жануарлар үйін де есепке алған жағдайда);
  • вольер, тор, үйшік немесе басқа да бөлмелердің көлемі (ондағы жануарлардың түрі, саны және көлемін ескере отырып) және оларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
  • жануарларды күтіп-баптауға арналған жануарлар үйіндегі бөлмелердің көлемі мен оларға кіру жолдарына, вольер, тор, үйшік немесе басқа да бөлмелер арасында жолдарға қойылатын талаптар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936990-qazaqstanda-zanuarlar-uiine-qatysty-zana-talaptar-azirlendi/