Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 жыл бойы бухгалтер болдым": Отандық белгілі мобилограф қалай миллионер атанды (видео)

Опубликовано:

Асхат Шыналиев
Фото: youtube.com

Заман өзгерген сайын адамдарға ұсынылатын қызмет түрлері де өзгеруде. Соған сай, бүгінгі қоғамда СММ маманы, копирайтер, маркетолог, мобилограф, сторисмейкер сынды өз ісінің шеберлері "трендте" жүргені рас. Осы ретте, отандық мобилограф Асхат Шыналиев танымал журналист Асхат Садырбайға сұқбат беріп, бұл салаға келгелі өмірінің 180 градусқа өзгергенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Он жыл бойы қарапайым бухгалтер болып, офисте таңнан кешке дейін жұмыс істеген азамат бүгінде ешкімге бағынышты болмай өз-өзіне қызмет етіп жүргенін айтты.

"Бұрын мен бухгалтер болып жүрген кезімде таңғы 9-дан кешкі 7-ге дейін жұмыста болатынмын. Ешқайда шыға алмайсың, бір жерге бару үшін бастығыңнан сұрану керек. Біреуге бағыныштысың. Ал қазір қалаған уақытымда тұрамын. Енді солай екен деп күнде 12-ге дейін ұйықтамаймын, ол жалқаулық. Менде күніне кем дегенде екі кездесу болады. Ал соңғы бір айда күніне 4-5 рет кездесу болды", - деп ағынан жарылған Асхат екі жыл бұрын мобилограф боламын деп мүлде ойламағанын айтады.

Сондай-ақ, Mob Army компаниясының негізін қалаушы әрі директоры Қазақстанда бұл саланың болашағы бар екенін, жылдан жылға тек қарыштап дами беретінін атап өтті.

Мобилограф кемінде 1000 доллар табуы керек деген Асхат Шыналиев өзінің бір видео үшін қанша теңге сұрайтынын да жасырмады.

"Менің тапсырысым өте қымбат тұрады. 40 мың, 60 мың, 80 мың теңгеге түсірмеймін. Ондай ұсыныстарды өзімнің үздік студенттеріме беремін. Мен минимум бір видеоға 300-400 мың теңге аламын", - дейді ол.

Сонымен бірге, мобилографиямен айналысуды қолға алған бұрынғы бухгалтердің айтуынша, оның айлық табысы 40 есеге көтерілген.

"Соңғы бір жылды орташа есептейтін болсам, айлық табысым 3-5 млн теңгенің арасы. Ал соңғы екі айды есептесем, шілдеде 7 млн теңге, тамыз айында 24 млн теңге болды. Бухгалтер болып жұмыс істегенімде 500 мың теңге алатынмын, орта есеппен 20 млн десек, табысым 40 есеге өскен", - деді Асхат Шыналиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937056-10-zyl-boiy-buxgalter-boldym-otandyq-belgili-mobilograf-qalai-millioner-atandy-video/