Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарашада ашылады": Сағынтаев ірі көлік жолайрықтарының құрылысын жеделдетуді тапсырды

Опубликовано:

Жолайрық
Фото: almaty.tv

Қараша айында Алматыда салынып жатқан жолайрықтардың бірі қолданысқа берілмек. Осы орайда, жолайрықтардың салыну жұмысымен танысып қайтқан қала басшысы құрылысты жеделдетуді тапсырды деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарна мәліметінше, "Әуежай айналымында" төрт және алты жолақты қозғалысы бар үш деңгейлі жолайрықтың құрылысы жүруде. Бүгінде Құлжа трактісі бойындағы ұзындығы 784 метр болатын екі эстакаданың бірінің құрылысы аяқталуға шақ қалды. Қараша айында оның бойымен көлік қозғалысын ашу жоспарланып отыр екен.

Бұқтырма көшесі бойында 570 метрлік туннельдік өткел салынуда. Жер деңгейімен барлық оң жақты съездер, сондай-ақ "Алатау" шағын ауданы бағыты бойынша жолға шығу қарастырылған. Жолайрық көлік ағындарының қиылысуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Жолайрық
Фото: almaty.tv

Құлжа трактісі бойындағы жолайрықтың көлік өткізу қабілеті 15%-ға артады. Бұқтырма көшесі бойында – 30%. Түрксіб ауданы мен Алматы облысының қала маңындағы елдімекендерінің 350 мыңға жуық тұрғынының мобильділігі артады.

Сағынтаев, сондай-ақ, Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің бойындағы көпірден тұратын барлық бағыттағы жолайрықтың құрылыс қарқынын бағалады. Эстакаданың ұзындығы – 186 метр. Жекелеген бүйірлі съездер бойынша қозғалыс ашық. Эстакада құрылысын кешіктірген соңғы 2 учаске алынып тасталды. Соның арқасында құрылыс қарқыны артты. Нысанның дайындығы – 80%.

Жолайрық Рысқұлов даңғылында көлік өткізу қабілетін тәулігіне 80 мың автомобильге дейін, Емцов көшесіндегі өткізу қабілетін 40 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Жолайрық
Фото: almaty.tv

Бұдан өзге, Алматы әкімі Абай даңғылын үңгілеудің барысымен танысты. Момышұлы көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейін ұзындығы 3,5 км учаске құрылысы жүріп жатыр. Әр бағытта қозғалыс үшін 3 жолақ, Әшімов көшесінің үстінен 400 метрлік эстакада, тротуарлар мен велосипед жолдарын салу қарастырылған.

Нысанның дайындығы шамамен 85%-ды құрайды. Метрополитен желісінің үстіндегі 600 метрлік учаске аяқталғаннан кейін жыл соңына қарай жаңарған даңғыл бойымен көлік қозғалысын ашу жоспарлануда.

Наурызбай ауданы Таусамалы ықшамауданындағы Қонаев көшесін реконструкциялау аяқталуда. Ұзындығы 1,2 шақырымдық жолды 2-ден 4 жолаққа дейін кеңейтеді, мұнда тротуарлар, веложолдар мен арық желісі болады. Дайындық – 90%. Асфальттың жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүруде. Сағынтаев жұмысты ағымдағы айдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Қараша айында абаттандыру үшін ағаш көшеттері отырғызылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937235-qarasada-asylady-sagyntaev-iri-kolik-zolairyqtarynyn-qurylysyn-zedeldetudi-tapsyrdy/