Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та жоғары лауазымға ұсынылған Сәуле Омарова қандай оқушы болған

Опубликовано:

Сәуле Омарова
Фото: nytimes.com

АҚШ-та валюталық бақылау басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған Сәуле Омарова - Оралдағы орта мектептің түлегі. ТДК 42 арнасы шетелде бағы жанған қазақ қызының оқушы кезіне шолу жасады.

Бүгінде 54 жастағы америкалық қазақ әйелін әлемдік БАҚ назарда ұстап отыр. Өйткені, оның бақылауында америкалық банктермен қатар шетелдік қаржы ұйымдары бар.

Сәуле Омарова Оралдағы Ленин даңғылында тұрған. Бұл көшеге қазір Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген. Телеарна дерегіншғ, ол қаладағы қарапайым орта мектепте білім алған. Болашақ Корнель университетінің профессорына мектептің ең үздік педагогтары сабақ берген. Ұстаздарының қатарында Михаил Фролов пен Елизавета Егорованы атауға болады.

"50 жыл ішінде біздің мектепті алтын белгімен 30 оқушы тәмамдады. Солардың ішінде Сәуле де бар. Ол 10 А сыныбында оқыды, сыныбында 30 бала болған. Оның оқу үлгерімі жоғары болды", - дейді №21 мектептің директоры Лаура Шаркубенова.

Мектепте Сәуле Омарованың білім алуына қатысты барлық құжат сақтаулы. Оның сыныптасы Виталий Мазуренконың сөзінше, Омарова - өте ашық әрі қиналғанда әрдайым қол ұшын беретін жан.

"Озат оқушы болды. Көпшіл, адамдармен тез тіл табысады", - дейді Сәуле Омарова туралы сыныптасы.

Айта кетейік, Сәуле Омарова мектептен соң Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыды. Онда ол Ленин стипендиясының иегері болды. АҚШ-қа 1991 жылы көшіп барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937251-aqs-ta-zogary-lauazymga-usynylgan-saule-omarova-qandai-oqusy-bolgan/

pixel