Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыр өңірінде ауыл әйелдерінің слеті өтті

Опубликовано:

Марапаттау сәті
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес қазанның 15-і "Халықаралық ауыл әйелдері күні" деп бекітілген. Осыған орай Жалағаш ауданына қарасты Таң ауылында облыстық ауыл әйелдерінің слеті өтті. Қызылорда облысында пандемиядан кейін қайта жаңғырған бұл шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Мира Қазбекова мен әртүрлі салада табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қатысты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі жылында еліміздің толағай табыстары мен Сыр өлкесінің қол жеткен жетістіктерінің барлығында бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен әйелдер қауымының өз қолтаңбасы бар.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне әйелдердің қосқан үлесі шексіз!" деп ерекше атап көрсетуі де сондықтан.

Слет барысы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Слет қатысушылары алдымен Таң ауылының тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл елдімекен меценат, осы ауылдың тумасы Имамзада Шағыртаевтың демеушілігімен қазір облыстағы әлеуеті жоғары, тұрғындарының тұрмысы жақсы мекенге айналып отыр. 2020 жылы ауыл ішін абаттандыру мақсатында өз қаржысы есебінен 50 млн. теңге бөлген. Күріш зауытын іске қосып, ет өңдейтін цех ашып, 5 гектар аумаққа алма ағашын егіп, ауыл халқын тұрақты жұмыспен қамтуда. Мұнан бөлек, балабақша ғимаратын жаңғыртып, спорт кешенін салған.

Слет барысы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Сонымен қатар, слет қатысушылары кәсіпкер әйелдер өнімдерінің, ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесіне қатысты. Әртүрлі салада жетіскке жеткен әйел аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.

Слет шеңберінде облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Қызылорда облыстық Қазақстан Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі мен облыстық әйелдер кеңесі бірлесіп әйел кәсіпкерлердің семинар-тренингтерін ұйымдастырды.

Слет барысы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгінгі күні облыста 823 мыңнан астам тұрғын болса, оның 410 мыңға жуығы әйелдер (49%). Оның ішінде, 185 462 әйел қалада, 224 мыңнан астамы ауылдарда өмір сүруде. Айта кету керек , аймақта 38 706 көпбалалы ана тұрса, оның 4363 – "Алтын алқа", 9655 – "Күміс алқа" иегерлері.

Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің 87 пайызы, педагогтардың 73 пайызы, жалпы бюджеттік сала қызметкерлерінің 60 пайызы нәзік жандылардың үлесінде екен.

Ал барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 152 депутаттың 39 әйелдер құрайды (26 %).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937405-syr-onirinde-auyl-aielderinin-sleti-otti/

pixel