RU

Білім алу және жанға жақын жұмыс табу: Жас қазақстандықтар қызметке қалай тұрғанын баяндады

Надира Жолдас
Фото: Надира Жолдастың жеке мұрағатынан

Жамбыл облысының ЖОО мен колледж түлектері педагогикалық мамандықты таңдап, алғаш рет балабақшалар мен мектептерге қызықты жұмыстарға орналасады. Олар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Алғашқы жұмыс орны» жобасының қатысушылары болды.

Жас чемпиондарға арналған тәлімгер

Надира Жолдас енді жұмыс уақытын балақайларға арналған дене шынықтыру мен спорт ісіне арнайды. Ол Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл аулындағы «Бағлан» балабақшасы тәрбиеленушілерінің спорттық тәлімгері-дене шынықтыру пәнінің мұғалімі атанды. Шымкенттегі Silkway халықаралық университетін тәмамдаған соң ол Байзақ ауданындағы жұмыспен қамту орталығына жүгініп, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысты.

«Мен балабақшаға жақында ғана, 15 қыркүйек күні жұмысқа тұрдым. Маған балалармен жұмыс жасаған ұнайды және ұжым да өте жақсы», – дейді Надира Жолдас.

Дене шынықтыру пәнінің жас мұғалімі қазір кішкентай чемпиондарды тәрбиелеп жүр әрі бұл балабақшада кем дегенде бірнеше жыл жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Бірінші кітаптан

Қарлығаш Қуандық
Фото: Қарлығаш Қуандықтың жеке мұрағатынан

Әліппелер, дәптерлер, сынып тақтасы мен оқу және жазу ғылымының тереңіне бойлаған нөлінші сынып оқушылары – бұл Жамбыл облысы Қордай ауданынының бастауыш сынып оқытушысы Қуандық Қарлығаштың алғашқы жұмыс орны. Қордай гуманитарлық-экономикалық колледжін «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген Қарлығаш та жергілікті жұмыспен қамту орталығына барып, «Алғашқы жұмыс орны» жобасының қатысушысы атаныпты.

«Мені «Дарынды ұрпақ» мектебіне жіберді, қазір жас маман ретінде тәжірибеден өтіп жүрмін, бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеген өте қызық. Келесі жылдан бастап маған сынып беріліп, оқушыларды өз бетіммен нөлінші сыныптан төртінші сыныпқа дейін оқытамын деген үміттемін», – дейді Қарлығаш Қуандық.
Қарлығаш Қуандық
Фото: Қарлығаш Қуандықтың жеке мұрағатынан

Қазір жас мұғалім нөлінші сыныптарға сабақ беріп, оқушыларға оқу мен жазуды үйретіп жүр. Сонымен бірге ата-аналарға үйде қашықтан оқуды ұйымдастыруға көмектесіп, балаларды кітап оқуға баулиды.

Мектепке дайындық

Жақыпбай Алтынай
Фото: Жақыпбай Алтынайдың жеке мұрағатынан

Балабақшаның дайындық тобының тәрбиеленушілері үшін ойын-ойнаудан сабақ оқуға көшу – шын мәнінде өте қиын кезең, сондықтан Қордай ауданы Әлқан Ана ауылының бүлдіршіндеріне жас тәрбиеші Жақыпбай Алтынай көмектесіп жүр.

«Гуманитарлық-экономикалық колледжді бітірген соң жұмыспен қамту орталығына жүгіндім. Менің тәтем маған «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысуға кеңес берді. Мен құжаттарымды тапсырып, сол жобаның арқасында мамандығым бойынша жұмыс таптым. Қазір Әлжан ана аулындағы «Әлихан» балабақшасында даярлық тобының тәрбиешісі болып жұмыс істеп жүрмін», – деп Алтынай өз тарихымен бөлісті.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты аясында жүзеге асырылып жатыр. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл жоба аясында 1 500 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жоба аясында құрылған жұмыс орындарына 1603 адам жұмысқа орналастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937631-bilim-alu-zane-zanga-zaqyn-zumys-tabu-zas-qazaqstandyqtar-qyzmetke-qalai-turganyn-bayandady/