Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер алдағы қыс қандай болатынын болжады

Опубликовано:

Қыс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер 2021 жылдың қарашасы мен 2022 жылдың наурыз айы аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгдромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, қараша айының бірінші жартысы жылы болады деп болжануда. Еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының түнде -3+2 градустан -8-13 градусқа дейін, күндіз +3+10 градустан -2+3 градусқа дейін ауытқуы күтіледі.

Бірінші онкүндіктің соңында республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында екпінді жел тұрып, жауын (көбінесе қар түрінде) жаууы мүмкін. Айдың екінші жартысында жауын-шашын жиі түсуі ықтимал. Одан бөлек, бір ай бойы көктайғақ пен тұман жиі болуы мүмкін.

Айдың екінші жартысында сынап бағанасы түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -8-13°С-қа дейін, ал еліміздің шығысында түнде -30°С-қа дейін, күндіз -18°С-қа дейін төмендеуі ықтимал.

Қарашаның үшінші онкүндігінде аяздың бәсеңдеуі күтіледі. Еліміздің батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі жауын жаууы ықтимал.

Ең жылы күндер айдың бірінші жартысында болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +10+18°C-қа дейін жоғарылауы ықтимал, алайда қарашаның екінші жартысында сынап бағанасы түнде -5-17°C, күндіз -2-7°C-қа дейін төмендейді. Үшінші онкүндікте күн қайтадан жылынады.

Желтоқсанда cолтүстік аймақтарда қарлы боранды күн көп болады деп күтілуде, ал оңтүстік аймақтарда тұман мен көктайғақ жиі болуы ықтимал. Желтоқсан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан аз, еліміздің солтүстік жартысы мен шығысында норма шамасында, елдің қиыр солтүстігінде нормадан көп түседі деп болжанып отыр.

Қаңтар - жылдың ең суық айы болмақ, өйткені Моңғолия аймағынан антициклонының әсері күшейе түспек.

Түнгі уақыттарда сынап бағанасы елдің солтүстік жартысында -35-40°С-қа дейін, оңтүстігінде -22-30°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Орташа айлық ауа температурасы республика аумағының басым бөлігінде нормадан 1-2° төмен, еліміздің қиыр батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында норма шамасында болады деп күтілуде.

Республика бойынша жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормадан аз, еліміздің қиыр солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және Алматы облысының оңтүстік-шығысында норма шамасында болмақ.

Ақпанда қар мен боран әдетте, Қазақстанның солтүстік жартысында сақталады. Орташа айлық ауа температурасы ел аумағының басым бөлігінде норма шамасында, республиканың оңтүстік-шығысында нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде.

Жауын-шашын республиканың басым бөлігінде норма шамасында, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында, Орталық Қазақстанның батысында нормадан аз, республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп түсуі мүмкін.

Қазақстанның оңтүстігі үшін Наурыз - әдеттегі көктем айы болса, ал солтүстік облыстарда қыс әлі де жалғасатын болады.

Болжам бойынша көктемнің алғашқы айы суық болады. Ел аумағының басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° төмен, ал елдің қиыр батысында норма шамасында болады деп күтілуде.

Наурызда жауын-шашын мөлшері республиканың солтүстік жартысында және қиыр оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында норма шамасында, елдің оңтүстік жартысында нормадан аз түсуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937809-sinoptikter-aldagy-qys-qandai-bolatynyn-bolzady/

pixel