Түркістан облысында мектеп директоры мен білім саласындағы шенеунік ұсталды
Опубликовано:

Түркістан облысында аудандық адам әлеуетін дамыту бөлімінің басшысы мен ауыл мектебінің директоры ұсталды. Оларға мұғалімді жұмысқа орналастырғаны үшін пара алды деген айып тағылды. Оқиғаның мән-жайын Түркістан мамандандырылған тергеу соты хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Түркістан облыстық тергеу сотының судьясы Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Құралай Шадиева мен жергілікті №14 мектептің директоры Арман Пернебаевқа қатысты қаулы шығарды.
Оларға Қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша айып тағылып отыр. Сот екеуін де қамауға алуға және тергеу кезінде тұтқында ұстауға санкция берді.
Шенеуніктер өткен аптада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің жедел-тергеу жұмыстары нәтижесінде ұсталды. Күдіктілер мектепке мұғалімді жұмысқа орналастыруды ұсынып, миллион теңге сыйақы алмақ болған.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Екі күдікті де өзін кепілге жіберуді сұрап отыр, олар жылжымайтын мүлік пен қолма-қол ақша беруге дайын. Олардың өтінішін Түркістан облыстық соты қарастырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937856-turkistan-oblysynda-mektep-direktory-men-bilim-salasyndagy-seneunik-ustaldy/