Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі жарым млн керек”: Павлодарда көлік алу үшін әкімнен қарыз сұраған әйел елді таңырқатты

Опубликовано:

Павлодар әкімі Асайын Байханов
Павлодар әкімі Асайын Байханов: Instagram

Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желіні белсенді қолданушылардың бірі. Ол Instagram-дағы парақшасын өзі жүргізеді және тұрғындардың сауалына мейілінше жауап беруге тырысады. Алайда, қала басшысының direct-іне келетін сұрақтардың санын анықтау мүмкін емес. Оның ішінде қарызға ақша сұрағандар да, кредитін жауып беруді өтінгендер де бар деп жазады pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бәрінен бұрын қала әкімінен екі жарым миллион теңге қарыз сұраған Ирина есімді келіншектің жазбасы таң қалдырды. Ол жаңа көлік сатып алу үшін Асайын Байхановтан миллиондаған ақша сұрап, бір жарым жыл ішінде қайтарып беретінін айтқан.

«Қатты керек, машинаға жетпей тұр. Бұған дейін ескілеу Toyota болған, жоспарымызды жауып, аздап тауар тасып жүрген. Сатып жібердім, ал пандемия кезінде көлік пен пәтер бағасы аспандап кетті. Кредит алып көрмек болғам, бірақ зейнетақы аударымдары аз болғандықтан, банктер несие беруден бас тартты», - деп жазды тұрғын.

Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімге түрлі сауал жіберетін тұрғындар көп.

«Қала халқы әкімге жеке мәселелері бойынша көп жазады. Мәселен, қарызға ақша сұрайды, кредитін жауып беруді, жұмысқа тұрғызуды өтінеді. Бір ата-ана қызының ғылыми жұмысына дайындалу үшін әкімнен көмек сұрады. Ал бір ана Асайын Байхановтан кішкентай ұлымен бірге серуенге шығуын сұрайды. Осылайша, ол нағыз еркек кім екенін ұлына көрсетпекші», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Әкім әлеуметтік желіні өзі жүргізеді, алайда, ол жарты сағатқа дейін созылтын аудио хабарламалар мен видео хабарламаларға жауап бере алмайтынын айтқан. Себебі, оған қала басшысының физикалық тұрғыдан мүмкіндігі, уақыты жоқ.

Мәселен, 2021 жылдың 19 шілдесі мен 11 тамызы аралығында әкімнің желідегі парақшасына 2000 сұрақ келіп түсті.

Сондықтан, әкім көп қайталанатын сұрақтарды жолдай бермей, мәселені нақты шешу үшін нақты сауалдар қоюды өтінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937916-eki-zarym-million-kerek-pavlodarda-kolik-alu-usin-akimnen-qaryz-suragan-aiel-eldi-tanyrqatty/

pixel