RU

Қарағандыда полицейдің қатысуымен болған жол апатынан бір жасар бала көз жұмды (видео)

Жол апаты
Видеодан кадр: instagram.com/dorogi_karagandy

Өткен түні Қарағандыда полиция қызметкерінің қатысуымен жол апаты болды. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан бір жасар бала қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент дерегінше, оқиға шамамен сағат 21:45-те Республика даңғылы мен Дүйсембеков көшесінің қиылысында болған. Жұмыстан шыққан 37 жастағы полиция қызметкері Республика даңғылының бойымен үйіне қайтып бара жатқан.

Екі көшенің қиылысында ол бағдаршамның сары белгісіне өтіп кетіп, "ВАЗ-2114" көлігімен соқтығысады. "ВАЗ-2114" рөлінде 29 жастағы жүргізуші отырған.

"Жол апаты салдарынан "ВАЗ-2114" көлігіндегі бір жасар бала қаза тапты. Ал автокөлік жүргізушісі мен 27 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345- бабы 3- бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

37 жастағы жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қарағанды облыстық полиция департаменті марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтады", - деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937950-qaragandyda-policeidin-qatysuymen-bolgan-zol-apatynan-bir-zasar-bala-qaza-tapty-video/