Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяжан Еділованың өліміне қатысты іс сотқа жетті

Опубликовано:

Фото
Фото: Аяжан Еділованың әлеуметтік желісіндегі парақшасы

Қатыгездікпен өлтірілген Аяжан Еділоваға қатысты іс сотқа түсті. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына зорлау, сондай-ақ ерекше қатыгездікпен адам өлтіру қылмысы бойынша Т-ға қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Бұл іс жабық есік жағдайында қаралады, өйткені мұнда жыныстық қолсұғушылық мәселесі бар", - делінген хабарламада.

Алдын ала тыңдау кезінде істі қарау мәселесі алқабилердің қатысуымен немесе судьямен жеке шешілмек.

Еске сала кетсек, 19 жастағы Аяжан Еділова 19 наурызда Алматыда жоғалып кеткен еді. Оны іздестіру жұмыстары бірнеше күнге созылды.

Кейінірек, қалалық полиция департаменті бойжеткеннің өлі күйінде табылғанын хабарлады.

Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

Сондай-ақ, құзырлы орган қыздың денесі бөлшектеліп, қоқыс бактарына жасырылғанын мәлім етті.

Одан бөлек, полиция тұтқындау кезінде күдіктінің өз-өзін өлтірмек болғанын айтты. Дәрігерлер оны құтқарып қалған.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылдан 20 жылға дейін сотталуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938060-ayazan-edilovanyn-olimine-qatysty-is-sotqa-zetti/

pixel