Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе қаласындағы ескі аудан қайта жаңартылып жатыр

Жарияланған күні:

Алаң
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Ақтөбеде «Алақай» қуыршақ театрының маңында орналасқан Тұрғындар қалашығы ауданында қалпына келтірілген сквер пайдалануға берілді. Мұнда көгалдандыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, тротуарлар төселді, балалар ойнайтын алаң мен ересектерге арналған жаттығу алаңы орнатылды.

Тоқсаныншы жылдардың тоқырауында қараусыз қалып, 30 жылда қайта оралған сквердің ашылу салтанатын Ақтөбенің көнекөз тұрғындары ерекше мерекелеп өткізді.

«Жолдарымыз жөнделіп, саябақтар абаттандырылып, қаламыз күннен күнге жақсарып келеді. Ғасырдан астам уақыт бұрын іргесі шаһармен бірге қаланған көне аумақ – Тұрғындар қалашығын биыл жаңғырту жұмыстарын қала билігі қолға алды. Мен осы жерде туып-өскен қарт тұрғынмын. Бұл жерді бұрын біз «Ақтөбенің Швейцариясы» дейтінбіз Жасыл желекке оранған аумақтың тарихи келбетін сақтап, екі қабатты ескі үйлердің бәрін әктеп-сырлап берді, шатырларын алмастырып жатыр, аулаларды асфальттады. Міне, енді «Алақай» скверін де жөндеп берді. Осы жаңалықтар үшін көршілерімнің атынан алғысымды білдіремін. Бұл жер жас кезімізде саябаққа жалғасқан би алаңы болған еді. Біз осы жерде таныстық, табыстық, достастық, отбасын құрдық. Осы жерде еңбек еткендердің бәріне рахмет айтамын. Балаларымыз әдепті болып өссін десек, орнатып берген мүліктің бәрін ұқыпты ұстайық», - деді қалашық тұрғыны Лариса Сладкова.
Алаң
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Тұрғындарды қуанышымен құттықтай келген қала әкімі Асхат Шахаров шаһар ішіндегі ескі аудандарды жаңғырту жұмыстарының жалғасатынын айтып өтті.

«Қала тұрғындарының саны жыл санап артып келеді. Осыған орай, қала аумағы да кеңейіп, Ақтөбе алып құрылыстар алаңына айналды. Соңғы жылдары жаңадан салынған шағын аудандар мен тұрғын массивтері көбейді. Дегенмен, біз қаланың тарихынан сыр шертетін Тұрғындар қалашығы сияқты көне аудандарды ұмытпауымыз керек. Биыл басталған осы жұмыс жалғасып, ескі қала, «ГМЗ», «Малышка», «Әуе қалашығы» секілді ескі бөліктерді жаңарту жобасы жүзеге асырылады», - деді қала әкімі Асхат Шаһаров.

Тұрғындар қалашығын жаңғырту жұмыстарына өңірдегі ірі компаниялардың бірі - «ҚазХром ТҰК» АҚ да үлес қосып отыр. Компанияның демеушілігі есебінен 540 млн теңге бөлініп, ескі аудандағы 30 көпқабатты үйдің қасбеті боялды, шатыры ауыстырылды. Бұдан өзге бюджет қаражаты бөілінп, үйлерді, аула аумақтарын жөндеу жұмыстары жалғасуды. Осы ауданда 100-ден астам көне көпқабатты үй бар. Келесі жылы жаңғырту жұмыстары толық аяқталуы тиіс.

Айта кету керек, биыл Ақтөбеде аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жыл қорытындысында облыс орталығында 220 аула жөнделіп, 67 балалар алаңы орнатылады, сонымен қатар, 9 сквер қалпына келтіріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938247-aqtobe-qalasyndagy-eski-audan-qaita-zanartylyp-zatyr/