Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем сияқты": Тараздық келіншек 75 жастағы қарияны немересімен бірге асырап алды (видео)

Опубликовано:

Диляфруз Кенжеханова мен Карим Сафуов
Диляфруз Кенжеханова мен Карим Сафуов: "Еуразия" арнасы

Тараздық келіншек 75 жастағы қарияны төрт немересімен бірге асырап алды. Бүгінде ол өзінің бес баласымен бірге, қарияны да немерелерімен қоса бағып отыр. Бұл туралы "Пендеміз ғой" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Карим Сафуовтың ұлты - тәжік. Ол екі бала өсірген. Өкінішке қарай, кіші ұлы құдыққа түсіп, мерт болады. Ал үлкен ұлы жұмыс іздеп, Қазақстанға кетіп қалған. Әйелі қайтыс болған соң, Карим ақсақал ұлының соңынан Қазақстанға көшеді. Алайда, көп ұзамай ұлы үйінен кетіп қалады. Ал келіні төрт баласын тастап, суға кетіп, мерт болған. Келінінің сүйегін көрші елден табады. Осыдан соң, ақсақал төрт немересіне бас-көз болады.

"Олар менің қаным ғой. Балаларды қайда тастап кетемін?! Барымша оларға қарап, бақтым. Бірақ әйел адамның орны бөлек қой. Кішкентай күнінде балаға әйел адамның күтімі керек. Қуанышқа қарай, бізді Диляфруз тауып алды. Ол жүрегі алтын адам", - дейді қария.

Диляфруз Кенжеханова кәмелетке толмаған балалармен жұмыс жөніндегі инспектор қызметін атқарып жүргенде, осы отбасыға кезігеді. Жағдайы кеткен үйде, антисанитарияда өмір сүріп жатқан қария мен балалар оның жүрегін елжіретеді.

"Мен ол жерге арнайы мамандармен бардым. Ресми өкілдер қарияның немерелерін балалар үйіне жіберуді ұйғарды. Осы кезде ата қатты жылап, маған ренжіді. Мұның бәрі маған ауыр тиді. Төрт баланы да, атаны да асырап алдым. Үйіме алып кеттім. Өзімнің бес балам бар. Қазір тату-тәтті тұрып жатырмыз. Ол кісі менің әкем сияқты. Маған көшіп келерден үш жыл бұрын әкем қайтыс болған еді. Сол кісінің орнын басты десем, артық емес. Намазын оқиды, балаларды қарайды, жасы 75-ке келсе де тік жүреді", - дейді Диляфруз Кенжеханова.

Бүгінде қария немелерімен және Диляфруздың төрт баласымен бірге Тараз қаласында тұрып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938511-akem-siyaqty-tarazdyq-kelinsek-75-zastagy-qariyany-nemeresimen-birge-asyrap-aldy/

pixel