Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ойда жоқта баспаналы болған оралдық жалғызбасты ана жылап жіберді (видео)

Опубликовано:

Үй сыйлады
Видеодан кадр: instagram/chelovekvmaskee

Орал қаласында тұратын көпбалалы ана ойда жоқта баспаналы болды. Әйелдің үлкен қызы науқас. Дәрігерлер оған жұмсақ тіндердің саркомасы деген диагноз қойған. Желіде "chelovekvmaskee" лақап атымен танымал жігіт бұл жағдайды назарға алып, елдің көмегімен тұрмысы төмен отбасыға баспана сыйлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бетперде киген бейтаныс жан біраз уақыттан бері мұқтаж адамдарға қайтарымсыз көмек беріп келеді. Ол оралдық көпбалалы ананы іздеп тауып, оның басты арманы - баспаналы болу екенін білді. Видео Instagram-дағы chelovekvmaskee парақшасында жарияланды. Жантебірентерлік видеоны көріп, көмек бергісі келетін қазақстандықтар қатары көбейген. Жалғызбасты анаға жаны ашыған ел ақшаны бес күн ішінде жинап үлгерді.

Ештеңеден хабарсыз әйелді жаңа үйіне әкеліп, оның өзіне тиесілі баспана екенін жеткізгенде ол көз жасына ерік берді.

"Мен ешқашан осындай үйім болады деп ойлаған жоқпын. Қатты қуанып тұрмын. Алладан мен көрген қорлықты көрмеулеріңізді тілеймін", - деп жылады көпбалалы ана.

Жаңа баспананың іші жөнделген, қолайлы өмір сүруге барлық жағдай жасалған, жиһаз бен тұрмыстық техниканың бәрі бар.

Ал "бетперделі адамның" өзі туралы мәлімет өте аз. Өзінің оқырмандар сауалына берген жауаптарында ол адамдарға қайырымдылық жасау идеясы жақында пайда болғанын атап өткен.

"Мен өз миссиямды іздедім, бір күні мен өзіме: "Егер мен бай болсам, немен айналысар едім?", - деген сұрақ қойдым. Сол кезде бала күнімде адамдарға көмектескенді жақсы көретінім есіме түсті", - деп жазды бетперделі адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938593-oida-zoqta-baspanaly-bolgan-oraldyq-zalgyzbasty-ana-zylap-ziberdi-video/

pixel