Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАӘ шейхі Түркістандағы перзентхана құрылысына қаражат құйды

Опубликовано:

2
Фото: instagram.com/turkistan_oblysy

Түркістанда Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржысына перзентхана салынады деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Түркістан қаласында Абу - Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы 80 орындық перзентхананың құрылысы басталды.

Біріккен Араб Әмірліктері премьер-министрінің орынбасары, президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін жаңа "Ана мен бала орталығының" іргетасына капсула салды.

"Біз денсаулық сақтау саласының маңызды нысандарының бірі — Шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның Түркістан тұрғындары үшін қайырымдылық көмегінің құрылыс алаңына капсула саламыз. Жобаны Түркістан облысы әкімдігі мен Абу-Даби Даму қоры бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

Бастама - Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан Республикасы арасындағы тығыз тарихи байланыстар мен стратегиялық әріптестікті нығайтудың символы, сондай-ақ Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға және Түркістан қаласының инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі", — делінген капсуладағы жазбада.

3
Фото: instagram.com/turkistan_oblysy

Түркістан қаласында заманауи перзентхана құрылысы өткен жылдың желтоқсан айындағы Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның кездесуінде қол жеткізген келісімшарттардан кейін жүзеге асып отыр.

Абу-Дабидің мұрагер ханзадасының қолдауымен бой көтеретін жаңа перзентхананың құрылысы келер жылы аяқталады деп жоспарланған. Ғимараттың жалпы ауданы 8 мың шаршы метр, жер аумағы — 33 33 000 шаршы метр. Заманауи перзентхана еуропалық үлгіде салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938828-baa-seixi-turkistandagy-perzentxana-qurylysyna-qarazat-quidy/

pixel