Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қонақ үйге айналған": Алматы тұрғыны Боралдай сақ қорғандарының қалай ластанғанын көрсетті (видео)

Опубликовано:

сақ қорғандары
Фото: facebook/Ерқанат Тұрсынжанұлы

Алматы тұрғыны Ерқанат Тұрсынжанұлы Боралдай сақ қорғандарының үсті қоқысқа толғанын айтып, дабыл қақты. Ол Азия құрлығы көлеміндегі ерте темір дәуіріне жататын бірегей ескерткіштің ішімдік ішіп, көңіл көтеретін орынға айналғанына налыды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерқанат Тұрсынжанұлы қорымның басын видеоға түсіріп Facebook-те жариялады. Ол қорған үстінде түрлі ішімдік бөтелкелерінен аяқ алып жүру мүмкін емесін айтады. Тұрғын қорым басына келіп, бабалар рухын аяқ асты еткендерге таңғалысын жасырмады.

"Сақ қорғаны дегеніміз зират қой. Мүмкін менікі қате. Осы жер арақ пен сыра ішіп, қоқысын тастап, келген жұбымен жататын "қонақүйге" айналыпты", - дейді ол.

Тарихи ескерткіштің қор болып жатқанын көрсеткен тұрғын оны қоқыстан тазалау керектігін алға тартты.

Айта кетейік, тарихи деректерге сай, Боралдай сақ қорғандары - сақ және үйсін тайпаларын билеген тұлғалардың, қолбасшылардың жерленген жері. 430 га аумақты алып жатқан "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркі аймағы ерте темір дәуірінің 47 үлкен сақ және 200-ден астам үйсін қорғандарынан тұрады. 

Қазақтың тарихын тұтастайтын үлкен нысанның бірі болып табылатын Боралдай қорғандары сақтар мен үйсіндердің қорымын біріктірген еліміздегі бірден-бір қорғандар желісі. Қорғанның ортасында орналасқан қорым Сақ ғибадатханасы болуы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, мұнда күнтізбемен байланысты ғұрыптар жүргізілген.

KAZ.NUR.KZ тілшісі тарихи ескерткішке қатысты Алматы қаласы әкімдігіне сауал жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938958-qonaq-uige-ainalgan-almaty-turgyny-boraldai-saq-qorgandarynyn-qalai-lastanganyn-korsetti-video/

pixel