Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

MEGA Park сауда ойын-сауық орталығында «Детский мир» ашылды

Опубликовано:

MEGA Park
Фото: MEGA Park

MEGA Park СОО-сында 250 мыңға жуық тауар түрін ұсынатын «Детский мир» балалар дүкені ашылды. Мұнда ойыншықтар, киім-кешек, аяқкиім, сәбилерге арналған тауарлар, оқу құралдары, шығармашылыққа арналған жиынтықтар, белсенді демалысқа арналған тауарлар, автоорындықтар, жиһаз және тағы да басқа заттарды табуға болады.

Балалар тауарын сататын дүкен MEGA Park СОО-сының үшінші қабатында орналасқан, аумағы 1 мың шаршы метр. Сізді «Детский мир»-ге виртуал саяхат жасауға шақырамыз. Бағаңызды бере кетіңіз.

MEGA Park
Фото: MEGA Park

MEGA Park-тегі «Детский мир» дүкені тұтынушыларына барынша қолайлы жағдай жасаған. Сауда залы кең, еркін жүріп-тұруға ығайлы. Тауар қойылған қатарлар бір-бірінен алшақ орналасқан, сөрелер де шағын. Тіпті, балалар өзіне керек затты емін-еркін ала алады.

Аз уақыттан кейін қыстың қызығын көруге қажет шана, мұзшана, тюбинг, арғымақ, қаршана мен шаңғы секілді құралдар келушілерді дүкен кіреберісінде қарсы алады.

MEGA Park
Фото: MEGA Park

Одан әрі жүрсеңіз, оқу құралдарын, кітаптарды, бояу кітапшаларын, LEGO құрастырғыштары мен дамыту ойындарын көресіз.

Әрі қарай ойыншық бөлімі басталады. Мұнда балалардың сүйіктісіне айналып үлгерген Hot Wheels машиналарын, LOL, Monster High, Барби қуыршақтары мен симпл димпл, слайм, түрлі түсті адымдағыш серіппе адамания секілді аксессуарларды табуға болады.

MEGA Park
Фото: MEGA Park

Сонымен қатар дүкенде бесік арба, балалар автоорындығы, тамақ ішуге арналған орындық, көрпе, матрас, жастық пен бала төсегіне арналған жадбықтар бар.

Одан әрі киім-кешек пен аяқкиім бөлімі басталады. Мұндағы киім өлшеу бөлмелері өте кең әрі анасы мен баласының бірге тұруына ыңғайлы. Бұл жерден жаңа туған нәрестеден бастап 12 жасқа дейінгі балаға аяқкиім алуға болады.

Дүкен төрінде балалар тамағын сататын бөлім орналасқан. Мұнда сәбилердің қоспасы мен суынан бастап, езбе, печеньесіне де дейін сатады.

MEGA Park
Фото: MEGA Park

«Детский мир»-дің ең басты артықшылығы – олар үшін балалардың қауіпсіздігі басты орында, сондықтан әр тауардың сертификатталуына ерекше назар аударады.

«Детский мир»-дің тауар іріктеудегі жоғары кәсіби деңгейі мақтануға лайық. Дүкен желілерінде тек сапасы жоғары өнім шығаратын абыройлы өндірушілердің тауары тұрады.

MEGA Park-тегі «Детский мир» – желінің Қазақстандағы 44-дүкені. Ресейлік ойыншы республика нарығына 2011 жылы кірді. 10 жыл ішінде компания қазақстандықтардың сенімінен шыққан, нәтижесінде қазір айына «Детский мир»-ге миллиондаған сатып алушы келеді.

*MEGA Park СОО қолдауымен дайындалған материал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939161-mega-park-sauda-oiyn-sauyq-ortalygynda-detskii-mir-asyldy/

pixel