Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мама" деген сөзіне зар болдым": Астаналық әйел алты жасар ұлын сөйлету үшін халықтан көмек сұрады

Опубликовано:

Ерасыл Туманов
Ерасыл Туманов: жеке мұрағат

Алты жарым жастағы Ерасыл астаналық жас отбасының тұңғыш баласы. Ол биыл қатарластары секілді бірінші сыныптың табалдырығын аттауы керек еді. Алайда, әлі күнге дейін тілі шықпаған балақай анасымен бірге оңалту орталықтары мен дәрігерлер алдын жағалап жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Ерасыл дүниеге келгенде қандай да бір ерекшеліктер байқалған жоқ. Кәдімгі балақайлар секілді өсіп келе жатты. Кейбір қылықтарын еркелікке балап жүрдік. Алайда, 2 жас 9 айында есінен танып қалды. Бұл бізді алаңдатып, кейін дәрігерлерге көрсете бастадық. Оған бос түрік ершігі (синдром турецкого седла) диагнозын қойды. Кейін мұндай жағдай үш рет қайталанды. Уақыт өте келе біз Ерасылдың сөйлейтін күнін асыға күттік. Алайда, жасы алтыдан асса да, ұлым бір ауыз «мама» деп те айтар емес», - дейді Ерасылдың анасы Ақлима Туманова.

Бүгінгі таңда Ақлима ұлы Ерасылды емдету үшін талай жерді шарлады. Ресейлік дәрігерлердің алдын көрген соң, ұлына түсінік келе бастаған.

«Ерасыл өзге балалар секілді бәрін түсінген жоқ. Түсінік келіп болмады. Талай аба терапевтерге, нейропсихологтар мен неврапотологтарға апардым. Нәтиже болмаған соң, Ресейдің Санкт-Петербург қаласына төрт рет бардық. Сол жақтан жақсарып келдік. Дәрігерлер Ерасылдың құлағында фонаматикалық есту қабілетінің төмен екенін анықтады. Олар 8 жасқа дейін баланың тілін шығаруға болатынын айтады. Ал қазақстандық дәрігерлер ұлыма аутизм диагнозын қойып отыр», - дейді Ақлима.

Бүгінде Ақлима ұлының дұрыс естіп, сөйлеп кеткенін, өз қатары секілді мектепке барғанын армандайды. Сол үшін Ресейге апарып емдетуді тағы да қолға алмақшы.

«Ерасылдан бөлек, тағы екі ұлым бар. Бүгінде бар ынтам Ерасылға ауып кетті. Себебі, соның қатарға қосылғанын қалаймын. Пәтер жалдап тұрамыз, бұған дейінгі қаражаттың бәрін Ерасылдың еміне жұмсадық. Жолдасым екі жерде жұмыс істейді, бірақ, баламды емдеу қымбатқа түсіп тұр. Осы орайда, барлық мейірімді жандардан көмек сұраймын. Баламның «мама» деген сөзін естігім келеді. Ұлымды емдеу үшін бармаған жерім, баспаған тауым жоқ. Ерасылдың сөйлеп кетуіне көмектесіңіздерші», - деді анасы.

Ерасылға көмек берем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspi Gold: 4400 4301 9421 2285

AKLIMA TUMANOVA

ИИН 900 926 450 690

Телефон: +7 707 882 42 26

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939545-mama-degen-sozine-zar-boldym-astanalyq-aiel-alty-zasar-ulyn-soiletu-usin-xalyqtan-komek-surady/

pixel