Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар халық санағына қатыспаса не болады

Опубликовано:

Санақ жүргізу
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық статистикалық бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков бүгінгі брифингте қазақстандықтар халық санағынан өтпесе, не болатыны туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Егер қатыспай қалғандар болса ... Қатыспаса ештеңе етпейді. Негізі респонденттер әдістеме мен кесте бойынша мәліметтерді ұсынуы тиіс. Қазақстан халқының санағы үкімет қаулысының аясында жүргізілетіндіктен, одан әрбір азамат өтуге міндетті. Иә, өте алмаған жағдайлар болады", – дейді Әбілдабеков.

Оның айтуынша, егде жастағы адамдардың call-орталыққа хабарласып, олар үшін санақ жүргізуді сұрауы жиі кездеседі. Содан кейін қызметкерлер мекенжайларға барады.

"Пәтерлердің көбінде адам болмайды, біз онда бірнеше рет бардық. Тағы да сауалнама өткізетін боламыз, сол кезде ондағы тұрғындармен жүздесуге тырысамыз. Өз мүмкіндігімізден артық ештеңе жасай алмаймыз", – дейді Айдар Әбілдабеков.

Айта кетейік, қазір елімізде халық санағын жүргізудің екінші кезеңі басталды.

Интервьюерлер азаматтардың үйіне барып, санақтан өтудің дәстүрлі әдісін ұсынады. Үйлерде санақ жүргізу айдың соңына дейін жалғасады.

Бірінші кезеңінде қазақстандықтар 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін халық санағынан sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939597-qazaqstandyqtar-xalyq-sanagyna-qatyspasa-ne-bolady/

pixel