Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағы да мектеп кінәлі ме?": Журналист алматылық жасөспірімдердің Хэллоуинге дайындығын көрсетті

Опубликовано:

жастар
Фото: Instagram/gulmir_ktk

Алматы жастарының Хэллоуин мейрамына орай түрлі маскалар мен костюм сататын дүкен алдында ұзынсонар кезекте тұрғанын журналист Гүлмира Әбіқай көрсетті. Ол жасөспірімдердің шетелдік дәстүрге еліктеуі жайлы ой қозғады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналист Гүлмира Әбіқай алматылық жастардың аниме заттарын сататын кішкентай дүкенге кезекке тұрғанын кездейсоқ білгенін айтады. Ол жасөспірімдердің қазақ қоғамына жат мерекеге ерекше мән беруінің астарына үңілді.

"Бүгін жексенбінің жаймашуақ күні алматылық жастар жапондық аниме, тағы да басқа кейіпкерлердің костюм маскасын сататын кішкентай ғана дүкенге таңертеңнен бастап жиналған. Әшейінде кезекке тұрмайтын жасөспірімдер осылай сарылып күтіп тұр. Себебі мұнда Хэллоуинге байланысты костюмдер бар, сатушылары да киініп алған. Мен кездейсоқ біліп келдім. Бұған енді кімді кінәлаймыз? Мектеп пен мұғалімдерді ме?", - дейді журналист.

Желі қолданушылары баланың тәрбиесіне біріншіден ата-анасы жауапты екенін жарыса жазды.

Еске сала кетсек, бұған дейін KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазақ жастарының Хэллоуинді тойлағаны дұрыс па?" деген сауалды Білім министрлігі мен Діни басқармаға қойған еді.

Білім және ғылым министрлігі Хэллоуинді тойлауға қатысты нақты тыйымның жоқ екенін алға тартады. Ведомство еліміздің білім беру мекемелерінде жалпы тәрбие жұмысы қалай жүргізілетінін мәлім етті.

"Қазіргі заманда ашық ақпарат көздерін ескере отырып, ақпараттық-технологиялардың дамуына байланысты балалардың қызығушылығы өзгеруде. Еліміздің білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жүзеге асуы жағдайындағы тәрбие беру концепциясы арқылы жүзеге асырылады. Іс-шаралар бастысы рухани-адамгершілік бағыты бойынша жоспарланып, жалпы мәдени құндылықтарды қалыптастыруға арналған", - дейді министрлік өкілдері.

Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат бойынша да, қазақы салт-санада да аталмыш мерекенің елімізге жат екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939804-tagy-da-mektep-kinali-me-zurnalist-almatylyq-zasospirimderdin-xellouinge-daiyndygyn-korsetti-video/

pixel