Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қалың қар жауады деп күтілуде

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Синоптиктер Алматыда 3-5 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың болжамынша, 3 қарашада оңтүстік астанада күн бұлтты болады және кешке жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +2 ... + 4 ° C, күндіз +10 ... + 12 ° C.

4 қарашада бұлтты күн райы сақталып, қар үдей түсуі мүмкін. Тұман түсіп, көктайғақ болуы да ғажап емес.

Одан бөлек, солтүстік-шығыстан күші 3-8 м/с-ден 13 м/с-ге дейін жететін жел соғуы ықтимал. Сынап бағанасы түнде -6...-8°С, күндіз -3...-5°С.

5 қарашада күн ала бұлтты болып, жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Солтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с болатын жел соғады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде -9...- 11°С, күндіз -3...-5°С.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде алдағы күндері 20 градусқа дейін күн суытатынын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940186-almatyda-qalyn-qar-zauady-dep-kutilude/

pixel