"Күйеуге шығасың, жолың ашылады": Желіде балгерлікпен айналысқан әйел жұртты қайран қалдырды
Жарияланған күні:
TikTok әлеуметтік желісінде "алдағы өміріңді санаулы секундта айтып беретін" балгер пайда болды. Өзін "Кенжегүл" деп таныстырған әйел қызметі ақылы екенін тікелей эфир кезінде ашып айтады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Басылым дерегінше, карта арқылы пал ашатын әйелден көмек сұрайтындардың қарасы көп.
Мысалы, бірі күйеуден ажырасқан қызының алдағы өміріне алаңдаса, енді бірі бала көтере алмай жүргенін жеткізген. Ал тағы бірі сырқаттанған әжесі дертінен жазыла ма, жоқ па соны сұрады.
"Пәтер қашан аламын?" деген оқырман сұрағына келіншек "Пәтер аласың, кішкене қиыншылық болып тұр. Жолың байлаулы. Қасыңдағы адамдарыңнан сақ бол. Көре алмайтын дұшпандарың көп" деп тіл қатты..
"Есімім Төре. Алдымда не күтіп тұр? Жолым ашық па?" деген сауалға жеті карта арқылы пал ашқан балгер жігіттің жолын қыз бала қатты байлап тастағанын, сол үшін жолын ашу керек екенін айтып кеңес берді.
"Кенжегүл" есімді әйел осылайша TikTok-та қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп отырады. Ол қызметіне 200 теңгеден 2-3 мың теңгеге дейін ақы алады.
Балгер әлеуметтік желідегі кезекті эфир кезінде аз ақша төлегендерге жауапты тек TikTok арқылы беретінін, ал 2-3 мыңға дейінгі ақша аударғандарға Whats App мессенджерінде жауап қайтаратынын айтқан.
Бір қызығы, өзін балгер санайтын әйелге сенім артып, пікір жазушылар саны жетіп артылады. Ал теріс пікір жазатындарға "Өмір бумеранг, бір Алладан ғана қорқамын" деп жауап берген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940377-kuieuge-sygasyn-zolyn-asylady-zelide-balgerlikpen-ainalysqan-aiel-zurtty-qairan-qaldyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.