jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Жарты ай бұрын жоғалған төрт жасар қыз 36 жастағы ер адамның үйінен табылды

Кішкентай балаларды зорлау
Көрнекі фото: ptzgovorit.ru

Австралияда қазан айының ортасында із-түзсіз жоғалған төрт жасар қыз табылды деп хабарлайды Би-би-си.

Австралия полициясы 16 қазанда төрт жасар Клео Смит жоғалғаннан кейін дабыл қағып, тапқан адамға 750 мың доллар сыйақы ұсынды. Қыз 36 жастағы азаматтың Батыс Австралияда орналасқан Карнарвондағы үйінде қамалып жатқан жерінен табылды.

Ол дін-аман. Ұрлаған адамның қандай мақсаты болғаны белгісіз.

Полиция қызды табар алдында ер адам көршісімен бірге дүкеннен жаялық сатып алғаны, көршісіне оның себебін түсіндірмегенін хабарлады. Үй иесінің қыздың жанұясына еш қатысы жоқ.

Клео Смит 16 қазанға қараған түні ата-анасымен демалып жүрген кезде жоғалып кеткен. Ол сіңлісімен бірге ұйықтап жатқан. Ал ата-анасы екінші лашықта болған. Таңертең Клео ұшты-күйлі жоғалған.

Бүлдіршінді іздеуге 100 офицер жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары халық саны аз елді мекендерде де жүргізілді.

Жарты ай бұрын жоғалған төрт жасар қыз 36 жастағы ер адамның үйінен табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.