RU

БҚО-да 500-ге жуық жүргізуші ішкі істер министрлігіне үндеу жасады

Көліктер
Фото: NUR.KZ

Батыс Қазақстан облысында көлік жүргізушілері ішкі істер министрлігіне хат жазып, қол жинап жатыр. Олар полицейлерден көліктерін тіркеуге мүмкіндік беруін сұрайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

8 қарша күні таңертең көлік жүргізушілері БҚО полиция департаментіне жиналды. Олар мұнда ведомство басшысының бірінші орынасары Жанболат Жаншинмен кездесті.

Көлік жүргізушілері көліктерін уақытша немесе тұрақты тіркеуге қоюға мүмкіндік беруді сұрайды.

"Біз ішкі істер министрлігіне хат жаздық. 500-ге жуық жүргізуші қол қойды. Біздің көліктерді есепке алуды сұраймыз. Көпшілігіміз үшін бұл жалғыз қозғалыс құралы. Біз жұмыс істейміз, балаларымызды мектепке тасимыз. Ресейден көлікті асып-тасығаннан сатып алғанымыз жоқ. Бізде мұндай көліктерді сатпайды, ал ол жақта арзанырақ", - дейді Ерсін Жазықбаев.

Көлік
Фото: NUR.KZ

"Бұл мәселені шешу керек. Бұған дейін Арменияда тіркеудегі көліктерге қатысты осындай жағдай болған еді. Қазір оларға сары нөмір берді. Бізде биліктен біздің мәселемізге назар аударуын сұраймыз", - дейді Ермек Теміршин.

БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, Қазақстан аумағында мемлекеттік тіркеуге тұрмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

Таяуда ғана полицейлер ресейлік әріптестерінен Ресей Федерациясында тіркеуден шығарылған көліктердің деректері туралы ақпарат алған. Егер көлік Қазақстанда тіркелмесе, онда транспорттық құрал айып тұрағына қойылады.

Көлік
Фото: NUR.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941148-bqo-da-500-ge-zuyq-zurgizusi-iski-ister-ministrligine-undeu-zasady/