Бас прокуратура ресейлік есепте тұрған көліктерге қатысты мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев мәжілістегі отырыста ресейлік есепте тұрған көліктерді Қазақстанда тіркеуді талап ету қаншалықты заңды екенін түсіндірді. Мұндай талапты ішкі істер министрлігі енгізіп отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қазір елде ресейлік есепте тұрған көліктер айыппұл тұрағына қойылып жатыр. Шыңдалиевтің сөзінше, мәселе тек басқа мемлекетте есепте тұрған көлікке қатысты болып отыр.
"Бұл қазақстандық көліктер емес. Олардың ішінде біреуден ұрланған көліктер де бар. Тіркеусіз жүргендер де бар, оларға жай нөмір тағып қойған", - дейді ол.
Бас прокурордың орынбасарының сөзінше, қазақстандықтар заңға бағынуға тиіс.
"Біз барлығымыз - осы елдің азаматымыз. Демек, өз заңымызға бағынуымыз керек, дұрыс па? Біз заңды құрметтеуіміз қажет. Заңда көлікті есепке қою туралы жазылды ма, қоюымыз керек. Бұл біздің, біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Азамат өз көлігін есепке қою керек. Әйтпесе, бұл заңға қайшы", - дейді ол.
Айта кетейік, осыған дейін ресейлік нөмірлі көліктерді тексеруге қатысты ішкі істер министрілігінің әкімшілік полиция комитеті пікір білдірген еді.
Одан бөлек, Атырауда ресейлік нөмір таққан автокөліктердің жүргізушілері облыс әкімдігінің алдына жиналып, көліктерін айыптұрағынан шығарып, заңдастырып беруді талап еткен болатын.
Оралда да 500-ге жуық жүргізуші ішкі істер министрлігіне үндеу жасап, көліктерін тіркеуге мүмкіндік беруді сұраған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941547-bas-prokuratura-reseilik-esepte-turgan-kolikterge-qatysty-malimdeme-zasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.