Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдағы жарылыс: Тоқаевтың көмек көрсету жөніндегі тапсырмасы қалай орындалып жатыр

Опубликовано:

Жамбыл жарылыс73
Жамбыл облысындағы жарылыс. Видеодан кадр: instagram.com/vtvs_taraz

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің Жамбылдағы жарылысқа байланысты көмек көрсету және қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасы қалай орындалып жатқанын баяндады.

Берік Уәлидің сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 27 тамызда Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізіп, мемлекеттік уәкілетті органдарға қаза тапқан азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын.

Бүгінде біршама жұмыс атқарылған. Мәселен, жарылыс салдарынан қираған 176 нысанның 173-і қалпына келтірілген. 35 тұрғын үй, 10 комерциялық нысан, 2 мектеп пен 1 дәрігерлік пункт пайдалануға берілген.

Қазір 2 коммерциялық нысанның және Жібек жолы ауылындағы 150 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Одан бөлек, Қайнар ауылында жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылған, үйлерге газ, су берілген.

Қайта қалпына келтіру жұмыстарына үкімет резервінен 1,2 млрд теңге бөлінген және демеушілер есебінен 102,3 млн теңге жұмсалған.

Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына 15 млн теңгеден материалдық көмек көрсетілген.

Қаза тапқан азаматтардың отбасы мүшелерінің банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздары толығымен өтелген.

Еске сала кетейік, тамыз айының соңында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, артынша жарылыс болды.

Төтенше жағдайдан 17 адам қаза тапты. 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев хабар-ошарсыз кетті. Оны іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941580-zambyldagy-zarylys-toqaevtyn-komek-korsetu-zonindegi-tapsyrmasy-qalai-oryndalyp-zatyr/

pixel