Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байзақтағы жарылыс кезінде жоғалған сержантты іздеу жұмыстары қалай жүріп жатыр

Опубликовано:

Жарылыс орны
Жарылыс орнындағы іздеу жұмыстары. Фото: Facebook / modgovkz

Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев Тараз маңындағы жарылыс кезінде жоғалған сержантты іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сержант Дәуітбаевты іздестіру тоқтатылған жоқ, тиісті шаралар жалғасып жатыр. Оған қарулы күштердің әскерилері ғана емес, ұлттық ұлан сарбаздары да қатысуда", - дейді Шпекбаев журналистерге берген сұхбатында.  

Оның айтуынша, әскери қойманың аумағын толығымен қарап шықты. Дегенмен, мамандар қандай да дәлелдерді табуға тырысып жатыр.

"Қазір ол жердегі топырақты електен өткізіп жатыр. Бәлкім, бірдеңе шығып қалатын шығар", - дейді Шпекбаев.

Еске салайық, 26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, артынша жарылыс болды.

Төтенше жағдайдан 17 адам қаза тапты. 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев хабар-ошарсыз кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941543-baizaqtagy-zarylys-kezinde-zogalgan-serzant-izdeu-ali-zalgasuda/

pixel