Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік есепте тұрған көлік мәселелері бойынша call-орталық ашылды

Жарияланған күні:

Көлік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі еліміздің барлық өңірінде шетелде тіркелген көліктерді пайдалану мәселелері бойынша call-орталық ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын пайдалану және тіркеу туралы мәселенің маңыздылығына байланысты азаматтарға ыңғайлы болу үшін байланыс телефондары құрылғанын хабарлады.

Ол арқылы жүргізушілер полицияға маңызды ақпарат алу үшін жүгіне алады.

Call-орталық телефондары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін қоңырау қабылдайды.

"Ресейде тіркелген автокөлік мәселелері бойынша азаматтар тарапынан өтініштердің көп болуын ескере отырып, ІІМ сенімді ақпаратты жедел ұсыну үшін ел аумағында call-орталықтар ашты", – делінген министрлік баспасөз қызметінің хабарламасында.

Call -орталық
Фото: Polisia.kz

Айта кетейік, осыған дейін ресейлік нөмірлі көліктерді тексеруге қатысты ішкі істер министрілігінің әкімшілік полиция комитеті пікір білдірген еді.

Одан бөлек, Атырауда ресейлік нөмір таққан автокөліктердің жүргізушілері облыс әкімдігінің алдына жиналып, көліктерін айыптұрағынан шығарып, заңдастырып беруді талап еткен болатын.

Оралда да 500-ге жуық жүргізуші ішкі істер министрлігіне үндеу жасап, көліктерін тіркеуге мүмкіндік беруді сұраған еді.

Ал күні кеше бас прокуратура аталған мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941618-reseilik-esepte-turgan-kolik-maseleleri-boiynsa-call-ortalyq-asyldy/