Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы вакцина егілді (фото)

Опубликовано:

Жасөспірімдерге вакцина салдыру
Фото: NUR.KZ

Алматылық жасөспірімдер BioNTech/Pfizer компаниясының Comirnaty препаратын салдырды. Бүгін, 2021 жылдың 12 қарашасында 16 мен 18 жас аралығындағы мектеп оқушыларының алғашқы тобы екпе алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осылайша, Алматыдағы №5 қалалық клиникалық ауруханада қауіпті дертке қарсы екпе алуға ниет білдірген алғашқы жасөспірімдер легі екпе салдыра бастады. Бұл жағдайда вакцинация ата-анасының келісімімен жүзеге асырылады.

Вакцина салдыру пункті
Фото: NUR.KZ

Оқушылардың бірі Аружанның айтуынша, ол инфекциядан өзін ғана емес, туыстарын да қорғаймын деп үміттенеді.

"Мен шетелде жақсы университетке түскім келеді, сонымен қатар сапарларға барамын, маған вакцина қажет. Отбасым мен айналамдағылардың ауырмағанын қалаймын. Сонымен қатар, ең бастысы – балалардың қауіпсіздігі.
Вакцина салдыру сәті
Фото: NUR.KZ

Коронавирус – миллиондаған адамның, соның ішінде менің туыстарымның өмірін қиған ең нашар аурулардың бірі. Барлығына екпе салмайынша, ол жойылмайды. Біздің мектепте оқушылардың жартысы екпе алуға шешім қабылдады, қалғандары әлі күнге дейін ата-аналарымен кеңеседі", – деді Аружан.

Вакцина салдыру сәті
Фото: NUR.KZ

Айтпақшы, вакцинаның өзі Comirnaty сауда атауымен жеткізіледі. Препаратты сақтау және тасымалдау үшін Қазақстан минус 90 градусқа дейін температураны сақтайтын арнайы жәшіктер сатып алды.

Сонымен қатар, Pfizer вакцинасы жүкті және бала емізетін аналарға егіледі.

Айта кетейік, 10 қазанда Алматыға 12 жастан асқан балаларға, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға арналған Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы жеткізілген болатын.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациямен қамтамасыз ету мақсатында Pfizer вакцинасының 4 млн 230 мың доза вакцина сатып алынғанын хабарлады. Бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді.

Оның сөзінше, Pfizer вакцинасын сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанның 16 облысына 34 тоңазытқыш құрылғы сатып алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941903-almatyda-zasospirimderge-koronavirusqa-qarsy-vakcina-egildi-foto/

pixel