Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада дәрігерлер көкпарда аттың астында қалып қойған жігітті өлімнен арашалады

Опубликовано:

Дәрігерлер11
Фото: pavlodarnews.kz

Қызылорда облысы Шиелі ауданында дәрігерлер көкпар кезінде аттан құлаған жігіттің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Шиелі ауданы ауданында болды. Ауданға қарасты Балаби ауылының тұратын 25 жастағы Манар Маханов көкпар кезінде астындағы атымен бірге құлап қалды. Жылқы шабандозды қысып, оның ішкі мүшелерін зақымдалған. Ол дереу Шиелі аудандық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер шұғыл ота жасауының нәтижесінде қазір науқастың жағадайы тұрақты.

"Жылқы үстіме бар салмағымен құлады. Соның салдарынан ішек, асқазан, ұйқы безімде жарақат алдым. Ота барысында жыртылған жерлер тігіліп, ішкі мүшелерімде қан кету тоқтады. Мен 5 күн бойы жансақтау бөлімінде жаттым. Дәрігерлерге уақытылы, кәсіби медициналық көмек көрсеткені үшін алғысым шексіз" , - дейді Манар.

Аудандық аурухананың хирург дәрігері Азамат Мақұлбековтың айтуынша, науқас МӘМС жүйесінде сақтандырылған сондықтан денсаулық жағдайы жақсарғаннан кейін медициналық оңалтуға жіберіледі. Дәрігер көп жағдайда жедел холециститпен, соқыршекпен сондай-ақ әртүрлі жарақаттармен шұғыл науқастар түсетінін атап өтті.

"Пышақ жарақаттары бар науқастардың өмірін бірнеше рет құтқардық. Олардың бірінің бауыры, асқазаны, бүйрегі, ішегі зақымдалған, ал басқа аудан тұрғынының жүрегінде пышақ жарақаты болған. Екеуі де құтқарылды. Балалар мен ересектерден түйреуіштер, батареялар, тіс тазартқыштар, балық сүйектері және т.б. сияқты бөгде заттарды алу бойынша көптеген ота жасалды. 2015 жылдан бастап ауруханада аз инвазивті хирургиялық медкөмектер жүзеге асырыла бастады" , - деді Азамат Мақұлбеков.

Жыл басынан аудандық аурухананың хирургия бөлімінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 886 науқасқа, ал тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша – 131 науқасқа медициналық көмектер көрсетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942349-qyzylordada-darigerler-kokparda-attyn-astynda-qalyp-qoigan-zigittin-omirin-saqtap-qaldy/

pixel