Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аймағамбетов: Студенттердің стипендиясы тағы да екі есеге артады

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: www.kaznpu.kz

Білім және ғылым министрі үкімет отырысында еліміздің жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің стипендиясы 2025 жылға қарай екі есеге артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мемлекет басшысы тапсырмасының аясында студенттердің стипендиясы екі есеге жуық өсті. 2025 жылға қарай олардың стипендиясы тағы да екі есеге, ал магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артады", - деді министр үкімет басшысына жасаған баяндамасында.

Асхат Аймағамбетов 2025 жылға қарай оқу гранттарының саны 75 мыңға жететінін де атап өтті.

Сондай-ақ, министр жоғары оқу орындарының қаржыландыру жүйесіндегі өзгерістерге тоқталды.

"Қаржыландыруға келсек, Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыруға көшті. Университетті қанша талапкер таңдаса, сол мөлшерде ғана мемлекеттен грант, яғни қаражат алады. Сәйкесінше, біздің мемлекеттік жоғары оқу орындары жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жалақы төлеуге, материалдық базасын жаңартуға бюджеттен тікелей қаржы алмайды. Олар жекеменшік университеттер сияқты тек студенттердің таңдауына сәйкес осы жан басына қаржылдандыру жүйесімен қаржыландырылады", - деді Аймағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942378-aimagambetov-studentterdin-stipendiyasy-tagy-da-eki-esege-artady/

pixel