RU

Елордада Pfizer екпесін алғандар денсаулығы туралы айтты

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Нұр-Сұлтанда Pfizer вакцинасын салу жалғасуда. Бұл препарат тегін негізде жүкті, бала емізетін әйелдерге және 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған. Осы орайда елордалық мектептерде вакцинацияның қалай өтіп жатқаны белгілі болды. Оқушылар екпеден кейін өздерін қалай сезінгендерін айтып берді деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Бүгін біз 6 оқушыны вакцинациялауды жоспарладық. Оны ата-аналармен талқылап, жазбаша да, ауызша да келісім алдық. Мұндай жұмыс мектепке қанша вакцина әкелетінін анықтау үшін алдын ала жүргізілді, өйткені бір бөтелке 6 дозаға есептелген. Біз вакцинацияланатындардың санын алдын ала жоспарлап, белгілі бір құтыны алдырамыз", - деп атап өтті "Салауатты Астана" емханасының мектеп-мектепке дейінгі бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Еңсебаева.

Екпе алған оқушылардың бірі - №71 мектеп оқушысы Никита Киба отбасында бәрі вакцинацияланғанын айтты. Никитаның әкесі жүк тасымалдаумен айналысады, ал анасы анестезиолог, ауруханада жұмыс істейді. Отбасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияны бәрі оң қабылдаған.

10-сынып оқушысы Дана Манабаева да вакцинациялау туралы шешім қабылдады, өйткені ол екпенің тиімділігіне сенеді.

"Интернетте вакцинадан кейін адам өлетіні немесе қандай да бір қорқынышты салдары бар екендігі жайлы жалған ақпарат көп. Бірақ олардың көпшілігі зерттелмей тұрып жазылған ақпарат. Олар вакцинаның құрамы туралы білмейді, қалай жасалатынынан бейхабар, сөйте тұра жалған ақпарат таратады. Ата-анам бала күнімнен тиісті вакциналарды алдырып келеді, сондықтан екпенің тиімділігіне, пайдасына сенемін. Вакцинациядан кейін өзімді жақсы сезініп жүрмін, еш нәрсеге шағымданбаймын" , - дейді орта мектеп оқушысы.

Дана Манабаеваның анасы М. Айлен қызына вакцина алу туралы шешімді түсіндіріп берді.

"Баламызды қорғау үшін вакцинациядан өту туралы шешім қабылдадық. Себебі қызым заманауи бимен айналысады, шетелдегі жарыстарға жиі шығады, саяхаттайды. Мен вакцинаның тиімділігіне сенемін, өйткені ортамызда коронавируспен ауыратындар көп, ал екпе алмағандар жағдайды қиындата түседі. Қазір емізулі балам бар, сол себепті өзім де жақын арада екпе алуды жоспарлап жүрмін. Отбасымызда бәріміз екпе алдық" , - бұл оқушысының анасы.

Қала бойынша бір тәулікте Pfizer препаратын тиісті контингенттен 339 адам алды. Оның ішінде 14 жүкті әйел (16-36 апта), 133 бала емізетін әйел және 12-17 жастағы 192 жасөспірім бар.

Жалпы қала бойынша бірінші компонентпен 458 мыңнан астам адам вакцинацияланды, екіншісі – 423 мыңнан астам азамат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942506-elordada-pfizer-ekpesin-algandar-densaulygy-turaly-aitty/